Ана өмірдің гүлі (мерекелік кеш) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ана өмірдің гүлі (мерекелік кеш)
24.09.2015, 10:08
Ана өмірдің гүлі
(мерекелік кеш)
Жүргізуші:
Армысыз ұстаз – аналар, көктемдей құлпырған қыздар! Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,
қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне толтырып, әйел - аналардың дәстүрлі мерекесі 8 - наурыз да ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді шуақты, құлпырған қызғалдақтай әсем мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Асыл анам – асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Берсе барлық адамға ана мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық - дей келе «Ана - өмір гүлі» атты мерекелік кешімізге қош келіпсіздер!
Ұстаз - аналар құрметіне --------------- орындауында ән «Алтын анам» тамашалаңыздар.
Ана - жүрек, жүректі құдіретте,
Ана - тірек, тіректі құрметте.
Ана - шыңын, шыңыңа сағынып жет,
Ана - күнің, күніңе табынып өт.
Ортаға Есқалиев Жамбылды шақырамыз. --------- орындауында «Ана лебізі» әнін тамашалаңыздар

Жүргізуші:
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақын қасиеттер бізге ең алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.
Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейрімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы данышпан ғалым да, ел басқарған көсемде, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана - тіршілік гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Ана менің, асылым, лағым әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем - аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. – дей келе --------------- ортаға шақырамыз. ------------- орындауында тамаша ән «Жан ана»
«Секіртпе» күйі ортаға 5б сынып оқушысы ------------------- шақырамыз.
«Шығыс биі» 7ә сынып оқушыларын шақырамыз.
Жүргізуші:
Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту - таралғының керегі жоқ.
Айналайын адамдар,
Ана сынды панаң бар,
Өміріңе гүл болған,
Көңіліне қараңдар.
Келсең үйге кешігіп,
Сөндірмейтін еш үміт
Өкінішке қалмаңдар,
Ана жанын кеш ұғып.
Бітпей кейде таласың,
Қалжырапта қаласын,
Қартаймайсын бірақ та,
Аман болса анашың!

---------------------- мен -------------------------------- орындауында «Әгугай» әнін тамашалаңыздар.
Ортаға 6 б сынып оқушысы ------------------- шақырамыз. «Өзбек биі»

Жүргізуші:
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде
анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын
адам бола қоймас сірә. Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды әр уақытта ардақ тұтып, құрметтеуміз қажет..

Әйел - Ана, Әйел - Өмір, Әйел - тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат
баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі өсиет, тұғыры – биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейрімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі - алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың
қолымен қаланады»деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман - есен бүгінгі күнге жеткізген әйел - ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Сондықтан да өз сөзімді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңмен аяқтағым келеді.

Халқымыздың билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір - ақ нәрсе Отан!
Осымен «Ана - өмір гүлі» атты мерекелік кешімізді аяқтай келе, адам баласы үшін ең қастерлісі сөз - Ана деп білеміз! Тағы мерекелеріңіз құтты болсын.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (мерекелік, гүлі, ӨМІРДІҢ, ана, кеш)
Просмотров: 222 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar