Ана тілі аруы (22 қыркүйек – тілдер күніне орай) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ана тілі аруы (22 қыркүйек – тілдер күніне орай)
24.09.2015, 10:50
Сыныптан тыс жұмыс
9 - 10 сыныптар
«Ана тілі аруы» байқауы
1 - жүргізуші:
Армысыздар, қадірлі қонақтар!
Құрметті ұстаздар!
Аяулы оқушылар!

2 - жүргізуші:
22 - қыркүйек – тілдер күні боршаңызға құтты болсын!

1 - жүргізуші:
Тілдер мерекесіне арналған «Ана тілі аруы» байқауына қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: - Құтты болсын бәріңе
Тілдер үні мереке!
Қазақстан жерінде
Болсын бірлік, береке!

1 - жүргізуші: Тәуелсіздік – мәніміз
Достық біздің - сәніміз
Мемлекеттік тіл болған
Қазақ тілі – әніміз!

2 - жүргізуші:
Қазақ осы айтатұғын елге сыр:
О, ағайын, халық емес, ол кесір.
Қазақ осы аңғал - саңғал жабусыз
Қазақ осы ағыл - тегіл, көл - көсір
Қазақ осы «өнер алды - тіл»- дейтін,
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әли, қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақ астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осы мақсатпен мектебімізде «ана тілі аруы» атты байқау ұйымдастырылып отыр

1 - жүргізуші:
Байқауға сөзге шебер, он саусағынан бал тамған өнерлі қыздар қатысқалы тұр. Байқау 5 кезеңнен тұрады. 1 - кезеңде байқауға қатысушылар өздерін таныстырады, 2 - кезеңде «Қазақстан Тәуелсіздігіне - 20 жыл» тақырыбында өз ойларын көркем сөзбен жеткізеді, 3 - кезең «Он саусағынан бал тамған» тақырыбында қыздардың қолөнер шеберлігін тамашалаймыз, 4 - кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Мұнда әртүрлі сұраққа тапқыр жауап аламыз, 5 - кезеңде аруларымыздың әртістік қабілетін, мәнерлеп оқу шеберлігін танып білеміз. Яғни, көркем шығармадан үзінді жатқа оқу. Әр бөлім 1 - 5 аралығындағы ұпаймен бағаланады.

2 - жүргізуші:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін – деген ұранмен байқауға келген аруларды ортаға шақырамыз.
1-нөмірлі аруымыз 9 «А» сынып оқушысы
2..............
3..........
1 - жүргізуші:
Аруларымызға әділ бағасын беруші әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар
1..........
2..........
3........
2 - жүргізуші:
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын арулар өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
Өзін таныстыруға 1 - нөмірлі 9 «А»сынып оқушысы шығады.

(Барлық арулар таныстырып болған соң)
1 - жүргізуші:
- Алдарыңызда 9 «А» сынып аруларының қолдау тобын ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші:
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады - 2 - кезеңде арулар «Қазақстан Тәуелсіздігіне - 20 жыл» тақырыбында көркем сөзбен өз ойларын жеткізеді.
1 – нөмірлі......
(Барлық арулар болған соң)
1 - жүргізуші:
- Алдарыңызда 9 «Б» сынып аруларының қолдау тобын ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы -
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар - деп қазақ тілін құрметтеңдер дегіміз келеді

1 - жүргізуші:
3 - кезең «Он саусағынан бал тамған» тақырыбында аруларымыздың қолөнер шеберлігін тамашалауға шақырамыз
1 – нөмірлі......

(Барлық арулар қолөнерлерін көрсетіп болған соң)
2 - жүргізуші:
- Алдарыңызда 10 «А» сынып аруларының қолдау тобын ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші:
Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын таба ма екен арулар
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Келесі кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Бұл бөлімде арулар 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс.
Аруларды Ортаға шақырамыз. Мына жәшіктің ішінен сұрақтарды өздеріңіз таңдап аласыздар. Біртіндеп алып, дауыстап оқып беріңіздер. Егер жауаптарыңыз дайын болса, бірден жауап берулеріңізге болады.

(сұрақ - жауаптан болған соң)
1 - жүргізуші:
Өнерлінің өнерін
Тағы да байқап көрейік.
Жүйрік аттай желейік
Ән мен жырға кезек берейік.
- Алдарыңызда 10 «Б» сынып аруының қолдау тобын ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші:
Соңғы шешуші 5 - кезеңде аруларымыздың әртістік қабілетін, мәнерлеп оқу шеберлігін танып білеміз. Яғни, көркем шығармадан үзіндіні жатқа оқу керек.
1 – нөмірлі......

(Мәнерлеп оқып болған соң)
1 - жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Әділ - қазылар жеңімпазды белгілегенше, ендігі кезек көрермендерге сұрақ қойылады. Белсенділік танытып, сұраққа дұрыс жауап берген оқушы марапатталады. Бірінші сұрақ......

2 - жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.- дегендей байқауды қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін әділ қазыларға сөз береміз. Және бүгінгі «Ана тілі аруына» өз тәжін кигізуге мектебіміздің 2010 жылы «Ана тілі аруы» атанған 10 «А» сынып оқушысы Өтебасова Мөлдірді ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, Тіл мерекесіне орайластырылған «Ана тілі аруы» атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы да көз жеткіздік. Отанымыз, еліміз, тіліміз көркейе берсін! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қыркүйек, ана, күніне, орай), тілі, тілдер, (22, аруы
Просмотров: 202 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar