Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)
24.09.2015, 14:20
«Ана тілің - арың бұл!» атты мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран)
І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім - дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс 8 - сыныптар арасында өтеді. Олар:.....................

Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен таныстырайын:
Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

І кезең. Қазақ тіліне қатысты өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп айту. (қай топ нақышына жеткізіп, мәнерлеп оқып, өлең саны көп болса, сол топ жеңімпаз)
ІІ кезең. Мақал - мәтел сайысы. Мұнда да туған жер, отан, ел тақырыбында айтылған мақал - мәтелдің айтып жарысады
(бұл сайыста әр топ берілген уақыт ішінде көбірек мақал - мәтел табу керек. Қай топ көбірек табады, сол топ жеңімпаз)
ІІІ кезең. Кез - келген бір ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа айтып беру керек.

І кезең.
І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
( Әр топ шығып өлеңдерін оқиды.)

ІІ кезең. Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін - бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, Құдай,
Тайраңдап алды - артына қарамаған.
Қарағым, ата - бабаң момын халық,
Өтіпті бір - бірінің жолын бағып,
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып. - деп Мұқағали ағамыз айтқандай, ендігі кезекті мақал - мәтел сайысына берейік.

ІІІ кезең. Өзгеге көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтып қоясын.
Сені айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың - деп ұлы ақынымыз Абай атамыз айтқандай ІІІ кезең өлеңдерге беріледі. Кез келген бір ақынның өлеңінен үзінді оқып беру.
Қорытынды: Осымен мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ана, тілің, сайысы), (мәнерлеп, оқу, арың, Бұл
Просмотров: 242 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar