Ана тілі – жүрек үні - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ана тілі – жүрек үні
24.09.2015, 14:38
Ана тілі – жүрек үні

Мақсаты: 1. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру.
2. Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру, елін, жерін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Мақал - мәтелдер, оқушылардың газеттері, Қазақстан картасы, үнтаспа, кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ. (Н. Ә. Назарбаев)

Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен қонақтар! Сіздерге арнап “Ана тілі - жүрек үні”атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясындағы “Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі”деп жазылған.
1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.
2 - жүргізуші: Қазақ тілі түрлі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілдес халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, әзірбайжан, тува, хақас, алтай жатады.
1 - оқушы: Жер шарының бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрды. Басқа шетелдерде тұратын қазақтар да өз тілін ана тілім деп есептейді. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.
2 - оқушы: Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
3 - оқушы:
Ана тілі - бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы.
Алақаны мейірімді анаңның,
Ұстазыңның жарқын жүзі - жайдары.
Ана тілім - тастамайтын әліппем,
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімді жақсы көру арқылы,
Достасамын басқа барлық халықпен.
4 - оқушы:
Ана тілің - біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің - біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
5 - оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім - жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
6 - оқушы: Халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғаевтың айтқанындай,”Ана тілін сүймеген адам, халқын сүйіп те жарытпайды’’
7 - оқушы: Тілді жасаушы халықтың өзі. Сондықтан халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Қазақ тілі - дамыған, жетілмеген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын, кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын.
8 - оқушы: Қазақ тілінің байлығы - қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен шық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
9 - оқушы:
Ең бірінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
10 - оқушы:
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
11 - оқушы:
Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілімнен әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Оқу, білім, тіл, өнер туралы мақал мәтелдер:
1. Білім кілті - тіл.
2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
3. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
4. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
5. Тіл - көңілдің кілті.
Сынып сағатымыздың соңында ұлы адамдардың ана тілі туралы айтқан нақыл сөздерін айтып қорытындылаймыз.
Мысалы:
Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жүрек, ана, үні, тілі
Просмотров: 299 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar