Ана тілім – ардағым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ана тілім – ардағым
24.09.2015, 15:09
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Жәлімбетова Алмагүл Рзағалиқызы

Тақырыбы: « Ана тілім – ардағым»
Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Тез ойлап, ұтымды жауап қайтара білуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, плакат, карточкалар.
Түрі: дәстүрлі емес.

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, зейіндерін шоғырландыру.
Мұғалім сөзі: Ана тілі мен әдебиеті әрбір ұлттың мақтанышы, асыл мұрасы. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез – келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Тіл – ұттың жаны, тіл – ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ сіздердің еншілеріңізде. Осы орайда сыныбымызда «Тапқыр достар» интеллектуалды сайыс сабағы арқылы «Ана тілім - ардағым» тақырыбында тәрбие сағаты өтпекші, белсенділік танытайық. Сабағымызды бастамас бұрын 2 топқа бөлінеміз.
1- топ. «Ұлан» тобы
2- топ. «Жігер» тобы.
Екі топтың қайсысы жеңіске жеткенін анықтау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
1 – кезең. Таныстыру (топтың атауы, ұраны)
2 – кезең. Сиқырлы сөздер (берілген сөзден бірнеше сөз құрау)
3 – кезең. Бәйге (мақал – мәтелдер сайысы)
4 – кезең. Сен білесің бе? (ұяшық ішіндегі сұрақтарға жауап)
5 – кезең. Кім жылдам? (берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру)
6 – кезең. Ребус шешу
7 – кезең. Қорытынды.
1 – кезеңі. «Таныстыруды» бастайық! Сөз кезегін «Ұлан» тобы мен «Жігер» тобына
береміз
1 – топ. Толағайдың тасындай,
Төрт ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
«Ұлан» тобы осындай.
2 – топ. Сәлем бердік баршаға,
Оқушылар сіздерге.
«Жігер» атты тобымыз,
Таныстырдым бәріңе.

2 – кезең. «Сиқырлы сөздер» тақтаға «Қасқалдақ» сөзі жазылады. Қай топ осы сөзден бірнеше сөздерді көп құраса, сол топ артық ұпай жинайды. 2 минут уақыт беріледі.
3 – кезең. «Бәйге» мақал – мәтелдер сайысы. Әр топ мақал – мәтелдер айтудан жарысады.
Қай топ көп мақал – мәтел жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.
4 – кезең. «Сен білесің бе?» бұл кезеңде интерактивті тақтаға жемістің ортасында сандар салынған ұяшық берілген. Ұяшықтың астындағы сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға балл қосылады.
5 – кезең. «Кім жылдам?» әр топ кезекпен карточкаға жазылған сөздерді ыммен, жұмбақтап көрермендерге түсіндіреді. 2 минут уақыт беріледі.
6 – кезең. «Ребус шешу» Бұл кезеңде әр топқа жеке – жеке ребус беріледі. 1 минут ішінде шешуі керек.
7 – кезең. «Қорытынды» Әділ қазыларға сөз беру. Жеңген топ анықталады. Марапатталады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол.
Еңбектену, жалықпау.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ардағым, ана, тілім
Просмотров: 259 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar