Ана тілім ата-бабам мұрасы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ана тілім ата-бабам мұрасы
24.09.2015, 11:26
Исина Сара.Қартабайқызы
№ 3 мектеп-гимназия бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Ана тілім – ата-бабам мұрасы»

Мақсаты: 1. Ана тіліміздің байлығы туралы молынан игеріп, оны әрі қарай байыта түсу.
2. Тілге деген сүйіспеншілікке, тілді құрметтеп қадірлеуге, тілге деген құрмет барлығымыздың бойымызда болуымыз қажет екенін айту керек.
3. Адамзат баласының ана тілін білуі – борышы, парызы. Өз тілін дамыту міндеті туралы.

Көрнекіліктер: Қабырға газеті, альбом, кітап көрмесі, ұлттық ойындар.

1-жүргізуші:
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізде баба тіл.
Сол туған тіл атауы,
Ежелгі біздің қазақ тіл.

2- жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың..
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, баба тілі сен қалдың!

1-оқушы:Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел жұртыңды сүйе алмайсың. (К. Г. Паустовский)
2-оқушы:Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ сияқты. (Ғ. Мұстафин)
3-оқушы:Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады. (А. Байтұрсынов)
4-оқушы: Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті.Біздің жастарымыз ана тілінде жетік, білімімді, мәдениетті болсын. (А. Жұбанов)
5-оқушы: Қазақ тілі - бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу - бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймін.
(Ғ. Мүсірепов)

І. Тіл туралы мақал мәтелдер:

1. Өнер алды - қызыл тіл.
2. Ең тәтті де тіл,
Ең ащы да тіл.
Ең қатты да тіл,
Ең жұмсақ та тіл.

ІІ. Өтірік өлеңдер айту:

Қазақ халқы баланың дұрыс сөйлеуіне қатты көңіл бөлген. Өтірік өлең айтқызу арқылы баланың сөйлеу қабілетін дамытуға және өтірік пен шындықты ажырата білуге үйреткен.

Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,
Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.
Айғырын шегірткенің ұстап міндім,
Адыр, адыр қой тасты түлкі қылдым.

Мен өзім жас күнімде тырна бақтым,
Тырнамды семірсін деп қырда бақтым.
Байлықтың бас аяғын түгендеуге,
Лезде итке мініп ап үш жыл бақтым.

ІІІ. Жаңылтпаш айту:

Айта, айта, жақ талды,
Қайта, қайта жатталды.
Қайта, қайта жақ талды,
Айта, айта жатталды.

Оқуға салақтар,
Тек кітап парақтар.
Сабақта алақтар,
Далада далақтар.

ІV. Жұмбақтар:
Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәні үсінуге жараған.
(Әріптер)
Мен – ақ қалам, ақ қалам,
Жазған сайын жоқ болам.
(Бор)
Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді.
(Алфавит)

V.Қорытынды
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ата-бабам, ана, мұрасы, тілім
Просмотров: 311 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar