Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем... - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем...
24.09.2015, 12:34
Ашық тәрбиелік шара презентациясымен
Тақырыбы: "Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем..."
(тіл әлеміне саяхат)
Мақсаты: 1. Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндірумен қатар, туған тілдің қадірін білу;
2. Оқушылардың тілін, ой - өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға машықтандырып жетілдіру. Ана тілге деген құштарлықты арттыру;
3. Оқушылардың тілін, ой - өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға машықтандырып жетілдіру. Ана тілге деген құштарлықты арттыру;
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, ақын - жазушылар суреттері, олардың келешек ұрпаққа қалдырған өнеге сөздері жазылған слайдтар, кітаптар, алтын қақпа,"Тіл әлеміне саяхат"жазуымен безендірілген кеме макеті т. б.

Жүру барысы:
"Қазақ осы"өлеңі. Орындайтын Ғалымова Сәулеш
Кіріспе:
- О, туған ана тілім! Қазақ тілі - көзімнің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл, қазақ тілінің биязы мақамы - домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, біз сондықтан "Ана тіліміз"дей келе,"Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем..."тақырыбындағы тіл әлеміне саяхат тәрбиелік шарасын ашық деп жариялаймыз. Олай болса, бүгін біз тіл әлеміне саяхат жасаймыз. Бізбен бірге саяхатқа шығу үшін қадірлі қонағымыз ханшайымды ортаға шақырып, қарсы алайық.

Ханшайым: Тілдер әлеміне саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім, соның сәті бүгін түскен сияқты, мен өзімнің ана тілімнің құдіреті туралы білсем деймін. Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел - жұртыңды сүйе алмайсың,- деген екен бір данышпанымыз.

Жүргізуші: Дүйсенова Жаңылсын
- Олай болса, ханшайым үш қақпадан сыннан өтесіз.
"Таным"қақпасы
Ханшайым: ендеше бірінші қақпаны ашайын.

Жүргізуші:
Қазақ тілі ең көне бастауын ежелгі түркі жазулары ескерткіштерінен: Талас - Орхон - Енисей жазулары(V - VІІІғ. ғ) Жүсіп Баласағұнның "Құтадғу білік" еңбегі, Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат - ат түрік"сөздігі, Қожа Ахмет Яссауидің "Хикметтері"(Х - ХІІ ғ. ғ) Алтын Орда, шағатай және қыпшақ (ХІІІ - ХІVғ.) тұсындағы жазулардан алады.
"Ғұламалар"қақпасы
Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам.
Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,
Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.

Жүргізуші: Халқымыздың тарихында ел үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгер, ойшылдар, қайраткерлер көп болған. Солардың ең бастылары от ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған билер - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Сол билерімізді ортаға шақырайық!
Қош келдіңіздер, бабалар,
Үш кемеңгер дүлдүлім
Сақтаған елдің бірлігін,
Қалың елім пір тұтар,
Қасиетті үш бабам!
Тілім туралы не айтар едіңіздер?

Төле би: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би: Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілім халқым - ау
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.

Әйтеке би: Қазақ, қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені.
Көргені көп тілімнің
Мүмкін емес өлшегі!
Тіл сенің -
Ең қайратты арыстаның!
Қорғаның, дұшпаныңмен алысқан күн.
Тіл сенің -
Жігіттік, балалығың,
Өмірдегі адамдық даралығың.
Ердің құнын бағалар екі ауыз сөз,
Ел тағдырын шешіпті өткен бір кез
Дұшпанға - у
Қайран тілдің,
Достарым, құдіретін осыдан сез!

Тергеуші:
- Эй, ты! Что ты читаешь? Знаешь ли ты, подсудимый, что сегодня тебя расстрелят?
Қайрат:
- Білемін. Ана туралы өлең оқып отырмын.
- Говори свое последнее слово!
- Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Құшақ жая қарсы алдым сан тілімен
Жаман үйді қонағы билейді екен
Қала жаздап айырылып өз тілімнен
Өзге тілге еліктеп ел болмайық
Қазағымның артығы жоқ өз тілімнен.
- Эй, ты, казах, говори правду. Пиши на русском языке!
- Мойныма алдым жаланы
Болсын халық алғысы
Бөтен қолда кетпесін
Туған жердің намысы.
- Уведите! Расстреляйте!

Жүргізуші: Иә, теңдік, бостандық, тәуелсіздік оңайлықпен келген доқ. Қаншама асылдарымыз құрбан болды. Солардың бірі - Қайрат Рысқұлбеков ағамыз еді.
Ханшайым:"Халықтың тіліне қиянат жасау - оның жүрегін жаралау"деген ғой ұлы ойшылдарымыз.
1 - оқушы: Ермекқалиева А.
Қасиетің ана тіл, аз ба сенің?
Өзің барда ескірмес, тозбас елім
Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.

2 - оқушы: Қойшиева Д.
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім, бал тілім.
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

3 - оқушы: ЖұмановаҚ.
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл боудан қалса егер
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

"Қазына"қақпасы
Ханшайым: Оқушылар, өлеңді өте тамаша айтады екен. Ханшайым жайлап "Қазына"қақпасыеа жақындайды. Бұл қандай керемет болды екен. Қақпа неге ашылмайды? Менің кім екенімді білмейді ғой шамасы.(Сонда арғы жағынан тілдей қағаз түседі)
Дүниеде не тәтті?
Дүниеде не ащы?
- Мұның мәнісі неде?- деп оқушылардан сұралады.(Оқушылардың жауабы тыңдалады)

Жүргізуші: Мұның жауабын білу үшін "Данышпан атаға"хат жазғанбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді.
Данышпан ата:"О, хан ием! Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтан да тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы"
Ханшайым "Қазына"қақпасының алдындағы кітапты қолына алып, парақтай бастайды.
Ханшайым:"Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек үміт қалады",- деген екен Абай.
Абайдың он алтыншы қарасөзі: Қаратаева Р.
Жүргізушінің қорытынды сөзі:
Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саңлағы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің - анаң, сыйлап өтіңдер!
Сынып жетекшісінің қорытынды сөзі:
-"Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі - қару, әрі - қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы - Ана тіліміз",- деген екен Елбасы Н. Ә. Назарбаев.
"Қара жорға"биі, орындайтын бишілер тобы.
ҚР - ның мемлекеттік әнұраны орындалады.

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ана, сөйлер, бәрін, шежірем..., тілім
Просмотров: 172 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar