Ана тілім - байлығым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ана тілім - байлығым
24.09.2015, 12:56
«Жұлдызды сәт» сайысы
Тақырыбы: «Ана тілім - байлығым»
Сайыстың мақсаты:
1) Білімділік мәні: Туған жеріміздің ақындары Иманжүсіп Құтпанұлы, Ә. Тәжібаев, Н. Бекежанов,
Д. Байдрахманұлы, С. Сейтенов, Ә. Оспанов, С. Бекмұратұлының, Ерғара Жолдасовтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, олардың өмірі мен шығармаларымен таныстыру;
Мақал - мәтелдер мен шешендік сөздерден үзінділер оқу арқылы мағынасын түсініп, жеткізе білуге үйрену;
Оқушыларға ана тілге құрметін, сүйіспеншілігін ояту, жергілікті ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқуға және олардың өскен елімізге, туған жерімізге, ана тілімізге, білімге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру;

2) Тәрбиелік мәні: Сайыс сабағында асыл ойдың құдіреті - шешендік, мәнді, мағыналы сөздер екенін ұғындыра отырып, тапқырлыққа, алғырлыққа, ойшылдыққа, қарапайымдылыққа баулу. Туған жеріміздің ақындарының өмірі мен шығармаларынан ана тілге, елге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқуға, ана тілімізді құрметтеуге баулу, ана тілді қадірлеуге тәрбиелеу
3) Дамытушылық мәні: Балаларға мәнерлеп оқу машығын арттыру, сурет салуға деген қызығушылығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы тіл байлығын дамыту

Типі: Сыныптан тыс жұмыс
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, интерактивті әдіс, әдістемелік ойын әдісі
Көрнекілігі: Ақындардың суреттері, мақал - мәтелдер, әңгіме - ертегілер,
көрмедегі кітаптар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
2. Сайыс мақсаты мен шартын түсіндіру.

ІІ. Қызығушылығын ояту.
1. Сабақ мақсатын түсіндіру
2. Бүгінгі сайыс «Жұлдызды сәт» деп аталады.
Оның негізгі тақырыбы: «Ана тілім - байлығым»
3. Әділқазылар алқасын сайлау
4. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.
- Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! 3 - сынып оқушылырының «Жұлдызды сәт» сайысына қош келдіңіздер! Сайыстың тақырыбы: «Ана тілім - байлығым» деп аталады.
- Қазір қайдан апталық болып жатыр?
- Апталық тақырыбы: «Туған жерім - тұғырым, өскен елім - өзегім» деп аталады.
- Өскен еліміз – Қазақстан, туған жеріміз қайсы?
- Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
- Туған жеріміз күннен - күнге өзгеріп, дамып бара жатыр ма?
- Біздің туған жерімізде қандай ақын - жазушыларды білесіңдер?
- Н. Бекежанов, Сәрсенбек Бекмұратұлы, Сейтқасым Сейтенов, Дәулетбек Байдарахманұлы, Әлімхан Оспанов

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ана, тілім, байлығым
Просмотров: 267 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar