Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
24.09.2015, 11:29
Тақырыбы: «Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан»
1 – жүргізуші: Мұз жастанып азаттықтыі жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім
Естігенде желтоқсанның ызғарын
Желтоқсан - ау, ұмытылмайтын жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным жеткіздік ақ тілекке.

Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қадірменді қонақтар оқушылар! Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! «Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан» атты салтанатты мерекелік жиынымызды бастаймыз!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

2 - жүргізуші:
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп дүние жүзіне танылуымызды себеп болған және дүние дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасының биыл 22 жыл толып отыр

Ту тігілді халқымыздың бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп, нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата – баба арына!
Үлгі бізге ағалардың ерлігі,
Ұлағатты өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Бүгінгі ұрпақ - болар елдің ертеңі

1 - жүргізуші:
«Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,»
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1996 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді. Назарларыңызға видео көрініс ұсынылады «Желтоқсан желі»

2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар - намысының туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, білік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында қөз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сында қандастарымызды естен шығару мүмкін бе? Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, бір минут еске аламыз!
1 жүргізуші:
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң
Қыршыннан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: АР, қасіретім, намысым, Желтоқсан, мақтанышым
Просмотров: 148 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar