Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
24.09.2015, 12:47
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан.
Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді
ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін
қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай
сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Cабақтың барысы:
I – жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бұл қазақ не көрмеді «Ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезінде бір миллион қазақ қаза болды.
II – жүргізуші: 1916 - 1921 жылдар аралығында сегіз жүз мың адам қырғынға ұшырады, 1930 - 1936 жылдары Голощекиндік геноцид кезінде екі миллион екі жүз мыңдай қазақ аштан өлді.
I – жүргізуші: Ұлы Отын соғысында үш жүз елу мың ұл - қыздан айырылған қазақ халқының саны он екі пайызға кеміді.
I І – жүргізуші: 1915 жылы қазақ халқының саны алты миллион болса, 1945 жылы ТМД бойынша екі миллион алты жүз елу мыңға әзер жеткен.
І - оқушы: Жанартаулар бұғып жатып бір атылады жетпіс жыл бойы қылбырауға малынған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті.
ІІ - оқушы: Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Ұлттық жаңарудың елдігіміз бен есендігіміздің басы болғай деп тілеген еді қалың жұрт.
I – жүргізуші: Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетпейді. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі жиырма бес жыл біздің елімізге көптеген өзгерістер әкелді. Ұлттық сана сезіміміз оянып, тәуелсіздіктің туын көтердік.
I І – жүргізуші: «Ар - намысым, қасіретім, мақтанышым - желтоқсан» атты тарихи музыкалық қойылымды 2 б, 2 в сынып оқушылары бодандықтан, бостандыққа жол бастаған желтоқсан, жылнамасының мәлім және беймәлім тарихына арнаймыз

І - оқушы: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Құшақ жая таныстым сан тілімен,
Жаман үйде қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен
Өзге тілге еліктеп, ел болмайық
Қазағымның артық жоқ тілінен
ІІ - оқушы: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген III - оқушы: Мен жігітпін айқасқа сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
Жанар таудай жойқынмын жұлқынғанда
Шарықтаса, қыран боп қырға шықтым
Пәк салтанат салтымды сүйемін мен
Бақ орнаттым моланың басына да
Мұрагермін де иемін мен.
«Желтоқсан желі» әні орындалады.

Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп әділетсіз шешім қабылданған, халықтың ар - намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күнге қаймықпай қарсы шыға білген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпақтан ұрпаққа жетеді.

Сот: Жоғарғы Совет Президиумының Комиссиясы ұсталғандардың санының 8500 - ге жудқ адам екендігін анықтады. Прокуратура 5324 адам, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті 850 адам, 99 адам сотталған, екеуі ату жазасына кесілген, 243 адам бас пен мойыннан жараланған, милиция бөліміне 2400 адам 3202 – сі қазақ еді. Госпитілге жатқаны 369 адам, 363 – і қазақ.
IV - оқушы Қазақы өлең қаншама рет «ах» ұрды,
Отыз бір дана қажы атылды,
Отыз жетіде Сәкен менен Ілияс,
Елге атылған оқты өзіне шақырды

V - оқушы: Жетпіс алты Мұқағали алыпты
Күйікпен у теңізіне батырды
Біздің заман бетін тырнап алатын,
Өлең үшін өлтіреді ақынды

VI - оқушы: Талантына азап пен сор жақын ба
Жыры мен гүл өсіретін тақымда,
Бірінші боп зорлық билік алса егер,
Ақын байғұс кетеді екен тақымда
Сексен жеті дүрліктіріп даланы,
Үкім тақты тағы да бір ақынға
Қайратпен жүргізілген тергеу бізге құпия болып қалды.

«Түрме жыры»
Темір тор, жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың
Телміріп темір торға қаматқанша,
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың
Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,
Қу тағдыр татырды ғой дәмін
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік
Күніне ұзатады үш тілім нан,
Өлмейтін саған тиер осы несіп.
«Ақтық сөзі»
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
«Еркек тоқты – құрбандық»
Атам десең, атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін
Көрмеген, қош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.

Қош, аман бол, артымда
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата – анам,
Ел – жұртым саған аманат.

VII – оқушы: Кінәлі ме, ақын Қайрат, ер Қайрат
Ауа жетпей атып шыққан алаңға
Қылғындырған қиянатқа көнбеді
Тапталғысы келмеді оның табанда

VIII – оқушы: Әсте естен шығармайды жыр мұны
Айтады оны домбыраның күмбірі.
Аты аталса күрсіндірер жылатып,
Желтоқсандық азаматпен құрбаны.
Жатыр бүгін Мойынқұмның баурында
Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: АР, қасіретім, намысым, Желтоқсан, мақтанышым
Просмотров: 138 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar