Қара пима немесе Қара бала - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қара пима немесе Қара бала
24.09.2015, 10:52
6 класс
Мектепішілік Денсаулық айлығына арналған сахналық қойылым
Қара пима немесе Қара бала

Мақсаты: Оқушыларды сахналық рөлді шебер орындауға, өз - өзін ұстауға тәрбиелеу, зиянды әдеттерден аулақ болуға сақтандыру.
Басты кейіпкерлер:
Әкесі – Ділманов Әлім.
Шешесі – Жәңгірова Құралай
Қара бала, баласы – Абдолов Мақсат
Көршілері – Амангелдиев Жәнібек, Түгелбаева Гүлназ
Дәрігерлер – Жұмағалиева Ақмерей, Байкүшікова Ақтілек

І көрініс
Сахна бөлме көрінісі, әдемі жиылған төсек. Бөлменің дәл ортасында дөңгеленген үстел, дастархан жаюлы. Шай қайнатып, баласын, күйеуін тосып жүрген әйел, әндете сөйлеп жүре самаурынға оттық салып жүр.
Шешесі: Түскі уақытта болып қалды. Тамақтарын, шайларын әзірлеп қояйын – деп, ойбай жүрегім, кейінгі кезде анда – санда жүрегім шаншып жүр, бірдеңені сеземе тәйірі, әлде ауыра ма соны түсінбедім – осы кезде үйге баласы қуана кіреді.
Баласы: Шеше, мен бүгін шығармадан «5» алдым! – деп қуанып шешесін құшақтайды.
Шешесі: Құлыным сол, әкесінен аумай қалғаным сол, не жаздыңдар?
Баласы: Мен әкемнің жұмыс істейтін жерін, бізді асырап отырған әкем ғой, әкем туралы көп жаздым, бірақ сіз ренжімесін деп сіз туралы да жаздым. Сізге арнап өлең де шығардым.
Менің анам саябақ
Мектептен күнде келгенде
Шай қояды даярлап
Менің анам әдемі – ақ деп қуана жазған тақпағын оқиды.
Шешесі: Ой айналайын талабыңа нұр жаусын әрине бәрі әкеңнің арқасы, - дейді. Осы кезде үйге қабағы салыңқы әкесі келеді.
Шешесі: Не болды, отағасы ауырғаннан саусың ба? – иығың түсіп кетіпті ғой.
Әкесі: Иә, бұдан да ауырғаным жақсы. Бүгін мен істеп жүрген мекеме жабылып, мен жұмыстан қысқартылып, жұмыссыз қалдым – дейді.

ІІ көрініс
Шашылған үй, төсек тартып жатқан ана. Көршілерінің көңіл сұрап келуі.
Көршілер: Алимаш, амансың ба, ауырып қалды деген соң көңіліңді сұрап келдік. Дәрігерге қаралсаңшы.
2 көрші: Әй, бірақ дәрігерге бара қалсаң қабылдауына ақша сұрайды. Бұл заман не болып кетті, нарық заманы келіп, бәрімізді қарық қылды. Қой, кетейік біраз отырдық, - деп орындарынан тұрады.
1 көрші: Ал, жақсы Алимаш, тез айығып кет, аяғымыз жеңіл болсын! – дейді.
Алимаш: Келгендеріңе көп рахмет. Сендерден бір өтінішім бар, мына ауру мені алмай қоймас. Менің қара балама көз қырларыңды салып қойыңдар. әкесі болса жұмыстан қысқарғалы ішіп жүр. Өзінің достары да көбейіп кетті – деп күрсінді.
Көршісі: Қой жаман айтпа, әлі ақ тұрып кетесің – деп кетеді.
Үйге қолында шөлмегі бар жолдастарын ертіп күйеуі келеді.
Әкесі: Ей, қатын тұр, әлі жатырсың ба? Менің достарым келді. Әй, қатын! Соны қой, келіңдер өзіміз отырамыз – деп дастархан басында ішеді. Әзіл қалжың, бір – біріне тос айтып, тілек айтып ішеді. Ұлы мектептен келеді, қабағы салыңқы.
Әкесі: О, менің жалғызым келді, көрдіңдер ме менің қара баламды, осы өскенде мені асырайды. Кел, балам, ағаларыңмен таныс, - деп шақырады. Бала болса ақырын барып шешесінің жанына отырып, шешесіне қарайласып, жастығын түзеп, көрпесін жөндейді.
Шешесі: Маңдайынан сипап: Қазір балам, әкең кетсін сосын шайыңды ішесің. Неше алдың? – деп сұрайды. Баласы басын шайқайды.
Шешесі: Балам отын әкелмесең отын да бітті, күнде болса суытып барады.
Баласы: Жарайды шеше, сен тек жазылшы, орныңнан тұршы. Мен сен үшін бәрінде істеймін.

ІІІ көрініс

Домбыра үні қайғылы күй «Кісен ашқан».
Шешесі қайтыс болған. Бөлменің бір бұрышында бүрісіп отырған бала. Көршілері балаға жеті шелпек пісіріп әкеліп балаға басу айтады.
Көршілері: Қой балам, қайғырмаға. Бәрі алланың қолында, есіңді жый бала. Сен енді үлкен баласың, шешең байғұс өлер шағында, о дүниеге кетерін білді ме екен, саған көз қырыңды сала жүр деп еді, байғұс, дейді жыламсырап: Жатқан жері жарық болсын, топырағы торқа болсын – деп беттерін сипайды.
2 көрші: Тұр, балам, бүгін күн жұма, шешеңнің аруағы риза болсын, шелпекпен шай ішіп жүрек жалғап ал. Анаңның басына барып топырақ салып қайт.
1 көрші: Әкең болса әне шешеңнің киімін сатып арақ ішіп жүр – деп екеуі де кетеді.

ІV көрініс

Бейіт басы. Бала шешесінің қабіріне келеді.
Баласы: Шеше мен келдім, сені қатты сағындым, бүгін түсіме кірдің, басымнан сипап, менің екі алғанымды айттың – деп жоқтау айтып жылайды.
Айналайын жан анам
Сені қалай қия алам
Сен өткелі өмірден
Қайғырамын күнде анам
Жүрекке салмақ артамын
Жел жаққа пана қалқаным
Жұмаққа жаның кеткелі
Сағыныш күйін тартамын
Сездірмей жүрегіңнің шаншығанын
Кенеттен неге сөнді шамшырағың
Қалайша қара жерге қиям сені
Өлгеніңше мәпелеген анашым – ай, - деп жоқтау айтып жылайды, топырақ салып үйіне келеді. Үйіне келіп шашылып жатқан үйін жинастырып, сабағына дайындалуға отырады. Осы кезде қолында шөлмегі бар әкесі әндете үйге кірді де, домбырасын алып, бір әуенге салып төсекте жатады. Біраз уақыттан соң, тұра сала жан – жағына қарап жоғын іздеп іздейді. Әр жерді бір тіміскілейді. Көзі бір бұрышта тұрған баласының пимасына түседі, балаға бір, пимаға бір қарайды. Баласына білдірмей пимасын қойнына тығып алып шықпақшы болғанда баласы көріп қалады.
Баласы: Әке, пимамды бер, сатпашы, мектепке қалай барамын – деп әкесінің қолындағы пимаға жармасады. Осы кезде әкесі баласының кеудесінен итеріп жібереді.
Әкесі: Кетшей әрі! Күшік! – баласын шапалақпен ұрып жібереді де өзі кетіп қалады. Бала жерге құлап ұзақ уақыт жылайды. Көршілері келіп – ойбай, байғұс бала, жатқанына біраз болды ау димін аяқтары үсіп қапты, тезірек дәрігерге апарайық.

V көрініс

1. Аурухана. Дәрігерлердің дауысы, наркоз, скальпель, қайшы, жүрегін тексер. Қан қысымы ше? Ара әкеліңдер. Кеспесе болмайды.
2. дәрігердің бөлмесі үстел басында дәрігер қағаз жазып отырады, дәрігердің жанына мейірбике келеді.
Дәрігер: Бала қалай? Өзіне келді ме? Өзінің туыстары, ата - анасы барма? – деп сұрайды.
Мейірбике: Жоқ, дәрігер, көрші апайларынан басқа ешкім келмеді. Шешесі ауыр науқастан жақында қайтыс болған, ал әкесі болса ішімдікке салынып кетсе керек, - дейді. Осы кезде алыстан әкесінің дауысы естіледі.
Әкесі: Балам, құлыным қайдасың, мен келдім, балам, - деп ақ төсекте жатқан баласының жанына келеді. Бала әрең көзін ашып әкесіне қарайды., - әке келдің бе? – дейді.
Әкесі: Иә, балам, мен келдім, кешір балам, мен енді ішпеймін, аузыма да алмаймын. Міне саған тамақ әкелдім, саған деген сыйлығым бар. Қарашы базардан су жаңа пима сатып әкелдім. Енді қандай қатты қыс болса да аяғың тоңбайды.
Баласы күлімсіреп: Бекерге әуреге түскенсің әке, енді маған пиманың керегі жоқ – деп теріс қарайды.
Әкесі: Жоқ балам, олай деме, біз әлі ақ пимамен шаңғы тебеміз. Кәне аяғыңа киіп көрші, - деп баласынан үстінен көрпесін жұлып алады. Баласының аяғы тізесінен кесілгенін көріп: Жоқ – жоқ. Бұлай болуы мүмкін емес, - деп баласының кеудесінен құшақтап құлайды.
Әкесі: Балам бәріне мен кінәлі, кешір балам, кешіре алсаң кешір!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қара, пима, бала, немесе
Просмотров: 217 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar