Ардақта ата - анаңды! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ардақта ата - анаңды!
24.09.2015, 12:27
Тақырыбы: «Ардақта ата - анаңды!»
Мақсаты:
а) білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;
ә) дамытушылығы; Халқымыздың тәлім - тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту.
б) тәрбиелілігі; отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, жадынама, нақыл сөздер, қазақ үй, бесік,
Әдісі:
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Мұғалім: Қымбатты ата - ана, ұстаздар! Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.
Алдымен сүй, ардақты ата - анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген ата - анасын сағынған
Ата - анаға сәлем айтқан ән - жырдан.
Екеуінің қуанышы, тілегі
Әрқашан да бір арнадан табылған - дей келе бүгінгі «Ардақта ата - анаңды» атты ашық сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер
Әлемдік ұстаз Платон: «Ұлды тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» — деген екен
Алайда, сөз жоқ, ұлттық болмысымызды сақтауда әйел - ананың да орны бөлек. Тіліміз бен ділімізді сақтау тұрғысында бесікті қолдан шығармай, аялап тербету – әйел - ананың қолында Сондықтан да, тәрбиенің қайнар уызын бала ата - анадан алуы керек деп ойлаймыз. Шоқан мен Абайдың бойына ұлылықтың дәнін сепкен аналары Айғаным мен Зерені, Елбасымыз Нұрсұлтандай азаматты дүниеге әкелген Әлжан ананың өмірін ғибрат ету де қажет.. Ұл бала тәрбиелеу ісінде үлгі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың нақты өмірін сипаттайтын «Балалық шағымның аспаны» атты бейне түсірілімнен үзінді көрелік
Видео ролик «Балалық шағымның аспаны»

Ендігі кезекте ата - ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.
1 Ұл – қыз ата - анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата - ананың ұл - қызы болып өседі.
2 Адам жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата - анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
3 Әдепті, адал ұл қыздардың міндеті ата - аналарының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата - аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
4 Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту керек.
5 Ата - анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ардақта, ата, анаңды!
Просмотров: 354 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar