Ардақтайық қазақтың ата салтын! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ардақтайық қазақтың ата салтын!
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 12:06
Ардақтайық қазақтың ата салтын!

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтың салт дәстүрлері, олардың түрлері, халық арасында кеңінен қолданылатын дәстүрлер, қолданылудан қалып бара жатқан дәстүрлер, ырымдар мен тыйымдар, діни мейрамдар туралы түсіндіру
Оқушыларды ұлтжандылыққа, Отаншылдыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Домбыра, бесік, оюлы төсеніштер, ұршық, плакаттар.

Сабақтың барысы:
«Біз қазақ деген, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз, дәстүрімізді сақтай білген елміз» деп Қазыбек бабам айтқандай, ен даланы жайлаған, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өзіне тән, өзге ұлттардан бөлініп тұратын салт - дәстүрлері бар.
Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған бай қазынасы, салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып өз жалғасын табуда. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздағы айтылатын салт - дәстүр, әдет - ғұрыптар туралы ой халқымыздың қазынасының мыңнан бір тамшысы деп қабыл алыңыздар.

Ән: «Нағыз қазақ»

Тақпақтар:
Армысыңдар аңсаған дана халқым
Сәлем беру ежелгі ата - салтым.
Әр елдерде жүрсе де қалың қазақ
Бір мақсатқа арналған арман талап.

Танымасаң танып ал мен қазақпын
Жаным жайлау, көңілім кең қазақпын.
Ұлысым бай нұр жері кең қазақпын
Ырысым бай нұр жері кең қазақпын.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.

Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып
Ер жеттім ен далада лықа тойып.

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім – күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.

Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен
Құрсағыма сыйдырам даланы кең,
Пәк сәбимін бесікте гуілдеген
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын, жұлқынғанда
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.

Тілім барда қазағым бар халқым бар,
Дәстүрім бар ата жолы салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар

Қазақпын мен қазақтың тентегімін
Жау шебінде сыналған семсерімін.
Тайыз емен тереңмін, тамырлымын.
Иілмейді ешкімге еңсе бүгін.

Көтердік сәлде болса еңсемізді
Ел болайық қызығар көрсе бізді,
Жаңғыртып ата дәстүр салт – санамыз.
Халқыма имандылық берсе ізгі.

Ардақтап аталардың зиялы атын,
Күн келді дәстүр үшін ту алатын.
Қашанда ата жолын ұмытқандар
Ұлыстың ұлы күні ұялатын.

Би: Аққу

Баланы тәрбиелеуде ырымдар мен тыйымдардың алатын орны ерекше. Атам қазақ тыйым сөздер арқылы баланы жат қылық, жаман әдеттен сақтандырып отырған. Енді кезекті ырымдар мен тыйымдарға берейік.

Қазақ ырымдары
1. Бала бас ұстамайды, бас ұстаса әкесі өледі деп ырымдаған.
2. Ми жемейді, мидай былжыр, бос белбеу болады деп есептеген.
3. Омыртқаның жұлынын жесе суға кетеді деген ырым бар.
4. Жіліктің майын жесе, мұрнынан боқ ағады деген ырым бар
5. Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдында құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келеді деп қуанады. Оны төрге апарып 3рет аунатады.
6. Баланың аңшылықтағы алғашқы олжасын ешкімге байлатпайды, несібесі кетеді, аңшылықта жолы болмайды деген.
7. Сәби тоңқайып екі аяғының арасынан қараса, күткен жолаушы немесе қонақ келеді деген.
8. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды., мұсылманның шариғат заңында бұл ауыр күнә болып есептелінген.

Қазақ тыйымдары
Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел жұрттан бөлінудің, үлкеннің
жолын кесу - әдепсіздіктің белгісі.
Дастарқанды нанды баспа. Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Құдыққа түкірме, беліңді таянба.
Түнде суға барма.
Қолыңды аузыңа салма.
Дастарқан басында шашыңды тарама, тамаққа қарап түшкірме, жөтелме.
Үйді айналып жүгірме.
Жұлдызды, адамды санама.
Бейітке қолыңды шошайтпа.
Ақты жерге төкпе.
Түнде тырнақ алма.
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.

Осындай тыйым сөздер арқылы есі кірген балаларға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.

Ән: Қазақтың дастарқаны

Біздер бұрын көрмеген,
Салт дәстүрім өшпеген.
Үйренеміз дәріптеп,
Заманында өрлеген.
Қазақы салт - дәстүрлерге тоқталайық.
Асар (салт) Бір жанұяның қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мыс: Үй көтергенде, егін салғанда, шөп шапқанда, тағы сол сияқты ауыр жұмыстарға шақырылады. Шақырушылар еңбегі үшін ақы талап етпейді. Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға арнаулы мал сойып, қымыз құйып, жақсы ас әзірлеп тойғызады.
Асар – қазақ елінің ұжымдық топта жұмыс істеуінің бір көрінісі.
Асату (дәстүр) ет желініп болғаннан кейін төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатуға тиіс. Бұрынғы кезде жас балалар «ет асаймыз» деп қонақ келген үйдің маңайында жүретін болған.
Айттық (дәстүр) Айт күні «айттық» - деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық.
Ақсарбас (діни ырым) Адамның қауіп – қатерге ұшырағанда, жаны қысылғанда алла атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайға ұшырыған адам «Ақсарбас» деп үш рет айту керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел жұртты шақырып, құдайы береді. Ақсарбастың үш түрі бар. Олар: Бозқасқа, көкқасқа және қызылқасқа. Бозқасқа десе - қой, көкқасқа десе – жылқы, қызыл қасқа десе сиыр құдайы береді.
Ақ құйып шығару (ырым) Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады.( мәтел) Қазақ халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды тағы басқа сүт өнімдерін «ақ» депатайды да, оны қасиетті, киелі – деп ұғады. Ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды. Алайда, ақты жерге төгетін де ырымдары бар. Мыс: Қалың өрт келгенде алдына ақ шашады, жылан кіріп кеткенде оның басына ақ құйып, үйден шығарып барып өлтіреді.
Қалжа (ғұрып) Жас босанғанған әйелге арналып мал сойылып, берілетін тамақ қалжа дейді.
Сыралғы (дәстүр) Батырдан – сауға, аңшыдан сыралғы деген (мәтел). Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе салтшыдан сұралатын жол. Мәрт аңшылар мұндайда «сыралғы» сұрағанның сөзін жерге тастамайды.
Түйемұрындық (ғұрып) – ұзатылып келе жатқан қыздың жолында отырған ауыл адамдарының сұрайтын кәдесі.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ардақтайық, салтын!, ата, Қазақтың
Просмотров: 372 | Загрузок: 85 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar