Ардақты ана - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ардақты ана
24.09.2015, 09:25
4 сынып.
Тақырыбы: Ардақты ана (презентациясымен)
Сілтеме З. Муфтибекова, П. Қ. Жаманқұл 4 - сынып оқулығы. 191 - бет.
Слайдтар. Бейне фильм ана туралы.
Сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Ана өмірінен түсінік беріп, өз аналарына деген сыйластық, құрмет, аялау қасиеттерін дарыта отырып өлеңнің мазмұнын ашуға үйрету.
Міндеттер:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Оқушылардың өлең оқуға деген ықылас, зейіндерін дамыту.
3. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттерін, көркем әдеби тілде сөйлеу қабілеттерін дамыта түсу.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1. Оқушылардың топтасу арқылы аталған тақырыпты меңгеру
2. Оқушылардың өзін - өзі бағалауға мүмкіндіктерін дағдыландыру 3. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1. Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру
Күтілетін нәтиже
1. Ана жайлы ұғым, білімнің алғашқы негізін қалау;
2. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
Тапсырмалар
беттерінен жүктелген дереккөздер
1. 4 - сынып оқулығы Т. Н. Ермекова, А. А. Сатбекова, А. У. Сейсенбина, Г. Б. Тәжібаева. Алматы 2012 ж
2. М. Жалғасбаева сыныптас тыс журналы
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0, 5мин
СТО сұрақтары
Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс - әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
- оқушылар не алады?
- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
- өмірден алған тәжірибесінің әсері?
- сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? - оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу.
Слайд1
«Ескерткіштің суретін» салып келу.
Слайд2
Үйдегі алтын қазық кім екенің табу.
Слайд3
І. Қызығушылығын ояту
Мұғалім: сұрақ қояды.
а) Лездеме сұрақтар:
- Өмірде сен үшін алақаны жұмсақ кім?
- Жүрегі жылы кім?
- Құшағы кең кім?

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
- еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
- өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? - әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
- алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
- білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
Слайд 2/1 Ана сөзіне тіркестер табу.
Слайд 2/2 Топқа бөлу
Слайд2/3 Ана туралы қандай
мағлұматтарың бар?
/оқушылардың пікірін тыңдау, мұғалім тақтаға немесе флипчартқа жазып тұру/ /2мин/
Слайд 3/1 Кластер құру
.
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
- оқушыларды белсене қатыстыру
- стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқы - сын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
- оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым - қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
- оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
Толғаныс (рефлексия)
- сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
- жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс - тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
Слайд 3/2 Сергіту сәті
Гүл салу. Әркім өзінің салған суретін анасына теңесін, анаңды қандай түске бояр едің?
(Неліктен бұл түсті таңдадың)
Слайд 3/3 Ойтолғау.
Ананы барлық адамдар неге құрметтейтінің өзіңше түсіндіріп эссе жазыңдар.

ІІ. Сөзжұмбақ
Слайд 4
Жеке ақпарат
1 - топ. Ана өмірлік шырақ
2 - топ. Ана мерейі
3 - топ. Ана деген қандай адам?
Слайд 4/1 Шығармашылық жұмыс.
«Менің анам қандай?» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Тапсырма: Слайд 4/1 Тапсырма
- Шағын топта талқылаймыз, қағаз бетіне “анаға “арнап өлең жазыңдар. Топтастырып түсіреміз / мин/
- Сыныпта әрбір топ қорғаймыз / мин/
- Слайд 4/2
3. Сыныпта қорғау /16 мин/
Слайд 4/3 5+18+16 /39, 5мин
ІІІ. Ой қорытынды
Слайд 5
Сонда біз бүгін не туралы өттік? Тақырып не болды? (Оқушылардың ойын сұрап, сыныппен ақылдасып тақырыпты табамыз.)
Слайд 5/1 «Ардақты ана» слайдпен шығару 0, 5 мин /4мин
(Жоғарыдағы тақырыпты жазу бос орнына тақырыпты қоямыз)
Бағалау (түрлері)
- оқушының өзін - өзі бағалауы
- топтың өзін - өзі бағалауы
- мұғалімнің бағалауы
- жалпы бағалау
- критерийлер арқылы бағалау
Бағалау: /3мин/ Өзін - өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты - жөні
Топта сөйлеп, идея айтқандығын бағала
Белсенділігін бағала
Мұғалімнің бағалауы

- сабақты қалай аяқтауды жоспарлау
Үйге тапсырмадан бұрын мұғалім оралады:
Қорытынды:
Сабақты аяқтау түрлері
- бір пікірге келу...
- өз пікірін дәлелдеу...
- үйде жалғастыру... Слайд 6/2
Үйге тапсырма жазып ал
Ескерткіштің суретін салу
45 мин. Сабақтың соңы

Кері байланыс парағы. оқушының аты - жөні____________________
Сабақта не ұнады, немесе жақсы болды
Не ұнамады, немесе жаман болды
Сабақта нені өзгерткің келеді, сенің қалауың

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ана, Ардақты
Просмотров: 266 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar