Арман керек адамға... - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Арман керек адамға...
24.09.2015, 13:25
Арман керек адамға...
(Кездесу кеші)

Кештің мақсаты:
1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Кіріспе сөз: Мектептен түлеп ұшқалы отырған оқушыларды «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, ата - аналармен және ортамызға келіп отырған әр түрлі маман иелерімен сұхбаттассақ.

Жүргізуші: Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір,
Қанаттар балғын талмасын –
деп, құрметті қонақтар, бүгінгі “Арман керек адамға…” атты пікірлесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонақтарын ортадағы белгіленген орындарына жайғасуларын өтінеміз.
1.«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» деп ұстаздар атынан Ілиясов Болат ағайды ортаға шақырамыз.
2. «Баланың бас ұстазы – ата - анасы» демекші ата - аналардың атынан Жолжанова Жаңыл апайды қошеметтеп ортаға шақырамыз.
3. «Бала – біздің болашағымыз» деп, енді ортаға мектеп бітіруші түлектерімізге қош келіпсіздер дейміз.
4. Және сондай – ақ әр түрлі мамандық иелерін шақырып отырмыз, сол кісілерді ортаға шақырамыз.
Ал құрметті қонақтар, кешімізді ары қарай осы мамандық жайында жазылған А. Бақтыгерееваның жыр шумағын тыңдайық.
Мамандық таңдау
Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.
Балалықпен қоштасар күн туады.
Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
Не болмақшы теңіз, құм араласса?
Жұмыс іздеп уақытша келгендермен
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ
Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..

Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

“Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” Ж. Аймауытов.

Әрбір түлектің асқар арманы, алдыға қойған мақсаты бар. «Мен кім болам?» деп ойланып, мақсат қойып жүрген шәкірттердің ой - арманын бейнелейтін «мамандықтар» мәселен мыналар:

Енді бізде мамандық таңдауда көптеген қиындықтар мен қателіктер туындап жатады. Соған назар аударсақ.
1. Бірден жоғары квалификациялы мамандық таңдау
2. Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау
3. Мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі
4. Өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау
Және сондай-ақ мамандық таңдауға әсер ететін біршама факторлар бар.
Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды. Зал ішінде ең мықты мамандар қонаққа келіп отыр. Оларда өз мамандықтары жайлы сөз алады.
Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.

Жүргізуші: Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады. Ұстаз ата - анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш - жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді.
Ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!

Шен - шекпенге жасыңнан
Құмар болма депті Абай
Милары жоқ масылға
Сыңар болма депті Абай
Бүкіл абзал адамның
Баласы бол депті Абай
Атаң менен анаңның
Панасы бол депті Абай
Өсиетін Абайдың
Орындап жүр кім қалай

Жүргізуші: Ұстаздар оқушыға басын иген,
Кей кезде тіпті оған кішірейген.
«Сыйға – сый, сыраға - бал» деген сөздің
Болмаса ережесін бұза білген.
Өйткені, ұстаз – ана, ұстаз – дана.

Мамандық ол ерекше, жеке - дара – пікірлесу кешіміздің алғашқы сұрағын ұстаздар атынан келіп отырған Ілиясов Болат ағайға қойсақ.

Сұрақ:
Жүргізуші: Бітіруші түлектер ағайға қояр сұрақтарыңыз болса, сөз кезегі сіздерде.
Жүргізуші: Сен арқылы үміт - от жанатындай,
Әр секундың мәңгілік сағатындай.
Алдыңдағы ақ парақ - адалдығың,
Ақ халатың аққудың қанатындай –
деп, ақындарымыз жырлағандай қашанда адам жанының арашасы бола білетін, ақ халатты абзал жандар еңбегі ерекше. Бүгінгі кешімізге келіп отырған дәрігер қонағымыз Шолпан апайымызды таныстырып өтейік.

Кешімізге қош келдіңіз! Дәрігер адам жанының бағбаны дейді. Менің ойымша дәрігер күрделі мамандық, осы күрделі жолды қалауыңыздың себебі неде?

Жүргізуші: Рахмет. Түлектер қояр сұрақтарыңыз болса.
Жүргізуші: Ата - ананың арманы – баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: «Жақсы бала – сүйік, жаман бала - күйік» деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата - ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды. Ендеше, келесі сөз кезегін кешіміздің құрметті қонағы болып отырған, біздің белсенді ата - аналарымыздың бірі Жаңыл апай ортамызда отыр екен.

Жүргізуші: Ақылмен толтырып саналарын,
Таудай боп өсті міне балаларың.
Шуағын бар әлемнің сыйлайтұғын,
Қуаныштарың құтты болсын аналарым –
деп, сөз кезегі ата - аналар сіздерде. Мамандық таңдау жөнінде балаңызға қандай ой салдыңыз, балаңыздың таңдаған мамандығына көңіліңіз тола ма?
Апайға қояр сұрақтарыңыз болса.

Жүргізуші: Кеше ғана сәби болсаңдар, бүгінде мектептен ұшып, арман қуғалы отырған түлексіздер, ал келешекте бүгінгі ата - ана, ұстаздармен, дәрігерлермен иықтас болатын өміріміздің мұраттарын жалғастырушы ұлы күшке айналасыздар. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін кешімізге келіп отырған маман иелеріне береміз. Әркім өз мамандығы туралы сыр шертсе, және қоятын сұрақтарыңыз болса оқушылар қоя берулеріңізге болады. Бүгінгі кешімізге келіп отырған мамандарға бітіруші түлектер атынан алғыс білдіру үшін ортаға Жәнібекова Тұрсынды шақырамыз.

Құрметті қонақтар! Сіздерге бір тапсырма болайын деп тұр. Кешімізге келіп отырған апай ағайлар 11 - сынып түлектеріне қандай тілектер білдіресіздер, сол ойларыңызды қағаз бетіне түсіріп, естелік ретінде ұсынсаңыздар.

Жүргізуші: Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: адамға..., Арман, Керек
Просмотров: 256 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar