Армандай білеміз бе? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Армандай білеміз бе?
24.09.2015, 10:46
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
«Сымбат» жеке мектебі
бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі
Макуова Нуршат Аманкосовна

Тақырыбы: Армандай білеміз бе?
Мақсаты: 1. Оқушыларға арман сөзінің мағынасын таныстыру, үйрету.
2. Өз армандарын, қиялдарын ашық айтуға, өз бетімен өз ойларын жинақтай білуге дағдыландыру.
3. Шығармашыл, арманшыл оқушы қалыптасуына ықпал жасау.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, тақырып жазылған плакат, парақшалар, т. б.

Жүру барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Кіріспе
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі өткелі отырған шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Адам баласы өмірге келген соң әр нәрсені өз уақытында армандай, қиялдай алады. Осы арманға жету үшін көзделген мақсаттарды орындай білу қажет. Осындай мақсаттарды орындай отырып арманға қол жеткізеді.
Сұрақ: Арман дегенді сіз қалай түсінесің?
- Сұраққа оқушылардан жауаптар алынады.
1-жүргізуші:
Келгенде көктемі
Көңілін гүл басқан.
2-жүргізуші:
Шырағы көктегі
Жұлдызбен сырласқан.
Екі жүргізуші біріге:
Өз елім менің,
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жырыма қосып жүремін.
Қайырмасында бәрі қосылады.
Түлегі сендер,
Тілегі сендер,
Тірегі сендер сол елдің.
Назары сендер,
Базары сендер.
Ажары сендер сол елдің.

II. Сұрақтар:
1. Арман, қиялдарыңды айтып беріңдер.
2. Сол арманға жету үшін не істеуіміз керек?
3. Мамандық пен арманның бір-бірінен айырмашылығы.
4. Жазғы демалыстағы сенің басты мақсатың қандай?

III. Негізгі бөлім
Бұл шараға 4 топ мүшелері түгел қатынасады.
1-топ «Балдәурен»
2-топ «Ақкөгершін»
3-топ «Балдырған»
4-топ «Болашақ»

1. Әр топ мүшелері өздерінің арман, қиялдарын баяндайды.
1-топ «Балдәурен»
- Менің арманым болашақта азамат атына лайықты мәнді өмір сүру.
2-топ «Ақкөгершін»
- Лагерьдің әр күнін тиімді өткізу.
3-топ «Балдырған»
- Сабақ құралдарын алдын-ала алып қою.
4-топ «Болашақ»
- Үлкен болып өскенде ұшқыш болу.
Қиял, Сезім
Ой, Мақсат

IY. Қорытынды
«Армандай білеміз бе?» атты шараға қатысқан топ мүшелеріне рахмет айтылып, мақтау қағаздарымен марапатталады.
1-орын «Болашақ» тобы
2-орын «Ақкөгершін» тобы
3-орын «Балдәурен» тобы
4-орын «Балдырған» тобы
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Армандай, БЕ?, білеміз
Просмотров: 210 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar