Армысың, Әз-Наурыз! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Армысың, Әз-Наурыз!
24.09.2015, 09:35
Армысыз, әз Наурыз!

Мақсаты:
1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Буклет, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа, көрме, қазақтың үйінен көрініс.

Аяулым:
Тыңдаңыздыр, тыңдаңыздыр!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Той дабылын қағып тұрған,
Мұнда қауым думан бар!
Ақмарал:
Наурыз тойы басталды,
Көргендерде арманда,
Көрмегенде арманда,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Би: «Шашу» биі – бишілер тобы
Аяулым:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман - есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын! №14 мектеп - гимназиясының 8д және 9д сынып оқушылары дайындаған «Армысыз, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
Ақмарал:
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22 - де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы - өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсыша «Нау - рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.
Аяулым:
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел боп қарсы алайық.
Шашу шашылады
Ақмарал: Аяулым:
Той пердесін ашайық Ұлыс күні қазан толса,
Тойға шашу шашайық Ол жылы ақ мол болар.
Той шашуға тойыңдар Ұлы кісіден бата алса,
Бұдан кейін ойын бар. Сонда олжалы жыл болар.

Ән «Наурыз - думан» орындайтындар Света мен Диана
Ақмарал:
Қош келдің жас Наурыз жылдың басы,
Батаңды бер, жарылқа жыл мырзасы.
Әумин деп қол жайдық әз ақсақал,
Бата сұрап өзіңнен Қыдыр баба!

Қыдыр ата:(Санжар)
Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Күніміз ұлысты болсын.
Жеріміз ырысты болсын
Дастарқаның мол болсын
Абыройың зор болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлысты бақты болсын
Қайда барса жол болсын!
Еліміз, жеріміз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз берік болсын!
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті
50 елдің бірі болсын! Әумин
Аяулым:
Қош келдің жас Наурыз жылдың басы
Жұрттың күткен, мінеки ықыласы
Көже құйып күйбеңдеп басын асып,
Бермек әркім баршаға қонақасы.
Ән «Қазақы дастархан» орындайтындар Света, Диана, Ақерке
Наурыз көже тарату (қыздар наурыз көже таратады)

Ақмарал:
Наурыз көже – Наурыз мейрамының символы. Ендеше Наурыз тойымыздың
көжесіз сәні болмас.
Аяулым:
Наурыз көжеден дәм татыңыздар!
Ақмарал:
Наурыз көже 7 түрлі тағамнан жасалады. оның мәні - жаңа жылда тойымшылық, молшылық болсын деген ұғымды білдіреді. Наурыз көженің құрамына - айран, сүт, құрт, ірімшік, су, тұз, соғымнан қалған сүр ет т. б тағамдар қосылады.

Ән «Бір бала» орындайтын Бағдат

Аяулым:
Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз жыл басы. Күн ұзарып, түн қысқарып, еліміз елжіреп, жеріміз жұмсарып Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңеледі.
Көрініс. Күнмен түннің теңелуі

Күн (Феруза)
Армысың түн! Барша жер бетіндегі тіршілік иесіне тыныс алдырып, жаңа әлемдегі жаңа жас Қазақстанның дамуына қосар азамат баласымен тыныштыққа қауышу бақытың құтты болсын! Ортамыз өзіңмен ажарлансын!

Түн( Диана)
Армысың күн! Тылсым тыныштыққа жатсам да, жер бетіндегі тіршілік иелерінің тіршілігінен хабардармын. Өзің айтқандай елбасының жолдауындағы халқымыздың тұрмыс - тіршілігін, әл - ауқатын көтерудегі оң қадамдары менің де қуанышым, сондықтан ашық аспан аясында жүздерінен бақыт нұры төгілген халқымды өзіңмен құшақ айқастыра тұрып, құттықтағалы келдім. Екеуі құшақтасып төс қағыстырады(көңілді музыка ойнап тұрады)

Жер ана шығады: ( Маржан ) Уа халқым, күн мен түнің теңеліп, ортамызға келгені құтты болсын! Менде қалың ұйқымнан оянып, жан дүнием бусанып, өздерінің ырзық несібелеріңді, өндіретін мерзімнің келіп жеткеннің хабардар еткелі алдарыңа келіп қалдым.

Күн (Феруза)
Жер ана! түн бауырым өз ұясына қонғалы өзіңіздің рұқсатыңызды күтіп тұр.

Жер ана: ( Маржан )
Алдың тұнық, тынысың тыныш болсын!
Қазағымның әр үйінде күнделетіп той болсын! (үшеуі кетеді)

Ақмарал:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз - сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым!
Күй «Балбырауын»
Аяулым:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен күн - ана,
Алып кетіп жер бетіне гүл көктем!
Шығыс биі орындайтын 7 г сыныбының бишілер тобы
Ақмарал:
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігінің,
Тойы деп айтуға да болатындай. Бесікке салу салтынан көрініс
Аяулым:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күні жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Ән «Қазақтың жігіттері» орындайтындар Бағдат пен Нұрболат
Ақмарал:
Қазақ халқының тамаша музыкалық аспаптарының бірі – домбыра. Қазақ халқы домбырада ойнап ән айтқан, күй тартқан. Домбырада ойнай отырып күй айтысын жасаған.
Күй айтысынан көрініс
Аяулым:
Ал, қане, жастар бастаңғымызды бастайық. Қазақтың көптеген ұлттық ойындары бар. Солардың бірі «Сақина салу» ойыны. Қане бастайық.
(Жастар жиналады, Аяулым сақина салып жүреді.)
Қане, менің сақинам кімде екен? Ортаға шық! 1 - 2 рет ойнату керек.
(Дилназ ұсталып қалу керек.)
Аяулым: Қане айыбыңды қалай өтер екенсің?
Дилназ: Наурызда ән айтпай, би билемей кету айып болар.
Халық әні «Дедім-айды» айтып берейін, қабыл алыңыздар!
Ақмарал:
Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр ғой қыр мен ой
Күн мен Түн теңелді
Жер шуаққа кенелді.
Ән «Жылайды жапырақ» орындайтындар Диана мен Ақерке
Аяулым:
Қош келдің жаңа жыл!
Жаңа бақыт жаңа нұр.
Төрлет төріме жыл басы
Береке бер еліме! Ортаға жыл басы ұлуды шақырайық.
Ұлу. (Жандар)
Ассалаумағалейкум халқым менің!
12 жылды артқа тастап менде алдарыңызда келіп қалдым. Соңғы келгенімде
тәй - тәй басқан ертеңіңе сеніммен қарай бастаған жас буын едіңіздер, енді міне толықсыған алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кіруге ұмтылған басқа мемлекеттермен терезесі тенеліп, бәсекеге қабілеті артқан, өздеріңіздің жүздеріңізді көріп қуанып тұрмын. еліміздің ертеңі, келешегі жас жеткіншек өздеріңсіңдер. Салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттен аулақ болғайсыңдар! Жаңа жыл сіздерге бақ береке, шаттық сыйласын! Жер бетінде тыныштық әлемі бұзылмасын!
Ән «Астана» Орындайтын: квартет
Ақмарал:
Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніне!- деп ортамызға тазша бала да келіп қалған сияқты. (Осы кезде Тазша бала дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. сайыс түрінде өтеді.
№1. Наурыз дегеніміз не?
№ 2. Наурыз туралы қандай мақал - мәтел білесің?
№3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
№4. Жеті қазынаны ата.
№5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.
№6. Үш алысты ата.
№7. Үш арсыз не?
№8. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
№9. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.
№10. Наурыз көже дегеніміз не? (жауап берген оқушыларға сыйлық беріледі)
Ән «Атамекен» орындайтын Нұрболат ( барлық қатысушылар сахнаға шығып, әннің қайырмасын бірге орындайды )

Жүргізушілер бірге:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Армысың, Әз-Наурыз!
Просмотров: 248 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar