Армысың, Әз-Наурыз - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Армысың, Әз-Наурыз
24.09.2015, 15:56
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна

Тақырыбы: Армысың, Әз-Наурыз!
Түрі: той
Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Киіз үй жабдығы, ұлттық нақышта безендірілген сахна, нақыл сөздер, т. б.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушілерді таныстыру.
1-жүргізуші: Ө. Мейрамгүл
2-жүргізуші: Н. Долгополова
ІІ. Негізгі бөлім
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді. Жаңа жыл бақыт жылы, бейбіт жыл болсын!
2-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!

Кіріспе сөз:
Наурыз тойы - Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз парсы тілінде Жаңа күн деген сөз, яғни жыл басы. Ұлыстың ұлы күні ел елжірей қуанып, есік ашып, дастарқан жайып, бірін-бірі құшақтаса құттықтайды. Наурыз күнінің бір ерекшелігі бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан Наурыз көже пісіріледі. Наурыз күні таңертең ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.
«Бұлақ көрсең көзін аш»деп қауласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!» деген қариялар бұлақ басына тал егеді. Әйелдер атып келе жатқан күнге тәу етіп, «Армысың, қайырымды Күн-Ана!» деп иіліп сәлем береді. Халық аңызы бойынша бұл күні Қызыр баба барлық босағаны аттап, төрге шығып, бақыт, мерей, қуаныш әкеледі, жақсылық нұрын шашады.
Олай болса, Ұлыс оң болсын! Ақ жол болсын!
- Ендеше балалар біздің бүгінгі қарсы алғалы отырған жылымыз қалай аталады?
Хормен: Барыс
- Жаңа жылымызды ортаға шақырып жылы лебізін тыңдайық.
- Тойымызға кішкентай бүлдіршіндеріміз шашу шашқалы отыр.
Би: Шашу (қыздар тобы).
1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды,
Қызықтан тыс қалмаңдар!

2-жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, ел боп қарсы алайық - дей келе келесі сөз кезегін оқушыларға берейік.
(Тақпақтар айту)
Берік: «Наурыз-жыл басы»
Түйе сеніп бойына,
Жатпа қарап, мойыма,
Қалған ұмыт жылдардан.
Талма, именіп ділмардан.
Айжамал: «Ұлыстың ұлы күнінде»
«Оң болсын, - деп, - ұлысың!»
Төс түйісіп көрісер.
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер.
Серік: Төс түйісу дегені -
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені -
Тоқшылықтың белгісі.
Айзат: Наурыз тойы салтымыз,
Аман босын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!

Өміржан: «Наурыз көже»
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Нұргүл: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта - ағы бар.
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.

Медеу: Ошақта көп шоқ әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
Альбина: «Наурыз тойы»
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді-салтымыз:
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

1-жүргізуші: Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже. Оның мәні - Жаңа жылда молшылық, мәнді де, дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш ету.
- Қане, Наурыз көжеден дәм татайық!
(Наурыз көженің жасалу жолын, оған қажетті тағам түрлерін таныстыру).
Ән: Қазақтың дастарқаны
2-жүргізуші: Наурыз күні той самалық айтудан басталған.
Қуандық:
Самалық, самалық
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Қайсар:
Самалық, самалық
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Асхат:
Самалық, самалық
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке.
1-жүргізуші: Бұл күні Самарқанның көк тасы жібиді, яғни бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірімесе «Бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» - деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.
2-жүргізуші: Ақыл - білім жастарда,
Сөз беремін жастарға.
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Би: «Қаражорға»

1-жүргізуші: Кетер өрлеп даңқымыз,
Біз Қазақстан халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Көрініс көрсету: «Ашамайға мінгізу»
Салт-дәстүріміз туралы насихаттау.
2-жүргізуші: Ал, қәнекей ағайын,
Асқақ әнге салайық,
Басы болсын бұл тойдың,
Шырқап әнге салайық.
Ән: Наурыз

1-жүргізуші: Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.

Әжелер сайысы
- Әжелеріміз өздерінің шеберліктерін көрсету мақсатында ұршық иіреді.
Ұршықты жақсы , сапалы иіре білген әжелерімізді мадақтау.

2-жүргізуші: Кел, балалар, келіңдер
Тамашаны көріңдер
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
«Қыз қуу» ойыны ойналады.
- Әр сыныптан бір-бір оқушыдан шығарып күрестіру,
Күресте жеңген оқушыны мадақтау.

ІІІ. Қортындылау
Ұлыстың ұлы күнінде өзінің игілікті істерін көрсетіп жастар қариялардан бата алады. Үлкендерден бата беруін сұрайды.
Бата беру:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын.
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!

1-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Наурыз құтты болсын!
Мерекелік тойымыз аяқталды. Әділ қазыларға сөз береміз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Әз-Наурыз, Армысың
Просмотров: 446 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar