Ашу - дұшпан, ақыл - дос - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ашу - дұшпан, ақыл - дос
24.09.2015, 12:06
Сыныбы 8

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ашу – дұшпан, ақыл - дос
Мақсаты:
- Ашуға ерік бермеу, ашуды ақылға жеңдіру, ойлана білу, адамгершілік құндылықтарының мән - мағынасын ашу;
Міндеті:
- Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;
- Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;
- Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, мақал - мәтелдер
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ.”Сабыр түбі – сары алтын”көрініс.
ІІІ.”Ашуды жеңу” бейнебаян.
ІV. Мақал – мәтел.
V. Қорытынды.

І. Кіріспе
Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. М. Әуезов
Адам пенде болғаннан соң көптеген өмірінде келеңсіздіктерге бой алдырады. Соның бірі, адамдар арасындағы жағымды қарым – қатынасқа, өкпе – реніш нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарау керек.
Өкпе, реніш адамның көңіл - күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау, түрлі ауруларға шалдықтырады.
Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен қателесу болады. Қателесу – кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал қатесін түсініп түзеу - ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.
Іс - әрекеттің байыбына бара алатын, ұстамды, сабырлы, ақылды, жақсы мен жаманның арасын айра алатын, әрі іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.

Бойдағы ашуды жеңу үшін Данышпан атаның кеңесін жаттап аламыз
І. Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.
ІІ. Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
ІІІ. Жақсы іс туралы ойла
ІV. Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
VІ. Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
VІІ. Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
VІІІ. Ашуды ақылға жеңдір.
Көрініс:

І - топ “Ата ақылы”
ІІ - топ “Патшалар дауы”
Көріністен соң оқушылар болған жайттарды талқылайды. Ата ақылының баласына қаншалықты әсер еткені жөнінде және патшалардың не үшін ашуға ерік бергендігі жөнінде оқушылар сарапқа салады.

“Ашуды жеңу” бейнебаяны.
Тақтадан «Ананың көзі» бейнебаяны көрсетіледі, Бұл дүниеде мұқтаж жандардың олардың сонда да ашуланбай жүруінің себептері айтылады.

Мақал - мәтелдерді табу ойынының шарты: кесте берілген, онда адасқан сөздерді тауып, мақалдың мағынасын айту керек. Үлгі:
Қиялдайды
Ашу
Арындайды
Тыңдайды
1. Ашу – арындайды,
Ақыл аяңдайды
2. Ашу – пышақ, ақыл - таяқ
3. Ас тасыса - қатығы төгілер,
Ашу тасыса - ақылы төгілер
4. Жаманның ашуы - басы жерге тигенше,
Жақсының ашуы – шәйі орамал кепкенше
5. Ашу үстінде ант жүрмейді
6. Айырылмастай досыңа – қайырылмастай сөз айтпа
7. Ашу – дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос.
8. Қайтып кірер есікті қатты жаппа
9. Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады.
10. Аюды жеңген – жарты ер, ашуды жеңген – бүтін ер

Қорытынды
Ойлағаныңыз тек оң болсын, өйткені ойлағандарыңыз - сөздеріңіз болады.
Сөздеріңіз тек оң болсын, өйткені сөздеріңіз - әрекетіңіз болады.
Әрекетіңіз тек оң болсын, өйткені әрекетіңіз - әдетіңіз болады.
Әдеттеріңіз тек оң болсын - өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.
Құндылығыңыз тек оң болсын - өйткені құндылығыңыз - тағдырыңыз болады.
Тәрбие сағатының соңында өз білімдерімен көзге түске топ марапатталады.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ашу, дос, дұшпан, ақыл
Просмотров: 225 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar