Астана – арман қала - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Астана – арман қала
24.09.2015, 13:38
Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: Астана – арман қала.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Астана туралы мәлімет беріп, түсініктерін тиянақтау.
2. Ой - өрісін, танымын дамыту, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
3. Астана қаласына, еліне, елбасына деген құрмет сезіміне, тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, рәміздер, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы
1. Кіріспе бөлімі:
- Ұйымдастыру,
- сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Негізгі бөлімі:
- Біз қай елде өмір сүреміз?
- Қазақстанда.
- Қазақстан қандай ел?
- Тәуелсіз ел.
- Тәуелсіз ел дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ол өз алдына дербес мемлекет деген сөз, яғни, өзінің гимні, өзінің елтаңбасы, өзінің туы, өзінің астанасы болады. (Рәміздерге тоқталып өту;)
- Біздің астанамыз қай қала?
- Астана қаласы. (Картадан Қазақстан Республикасының жер көлемімен таныстыру, Астана қаласының орналасуын көрсету)
-(Гимн орындау)

3. Астана тарихы - сонау1830 - жылдан бастау алады. Ол кезде қала патша әскерінің бекінісі болған.
- Ақмола бекінісі деп аталған. 1863 - жылы 16 - шілдеден бастап Ақмола – округтік қала атанды. Қала халқы 2000 - дай адамды құрады. Дами келе: 1893 - жылы Ақмола қаласында қала халқы 6428 жанды құраған. Қалада 3 шіркеу, 5 мектеп, 1 училище, 3 зауыты бар уездік қала болған. 1960 - жылы тың игеру кезеңінде – тың игеру орталығына айналды. 1961 - жылы Ақмола деген атауы – орысша Целиноград деп өзгертілді. Целиноград - облыс орталығына айналды.
Еліміз тәуелсіздік алған соң, 1992 жылы қалаға қайтадан өзінің қазақша атауы беріліп, Ақмола облысы атанды. Ақмола облысы – еліміздің ірі астық өңірі және ірі ауылшаруашылық машина жасау орталығы болды. Жер қойнауы – алтын, уран, бокситтер, сурьма, мыс, кварц құмдары т. б пайдалы қазба байлықтарға бай.

Елбасымыздың шешімімен 1997 - жылдан бастап жаңа астананы осы Ақмола қаласының жер аумағына көшіріп, атауын «Астана»деп өзгерту қабылданды. Керемет жеделдетілген құрылыс жұмыстары жүргізіліп, айналасы аз уақыт ішінде: әсем де, ару қала – Астана қаласы бой көтерді. 1998 - жылы негізгі құрылыс нысандары аяқталып, іске қосылды. Сонымен 1998 - жылы 6 - шілде Астана қаласының туған күні болып белгіленді.

4. Астана төрі елімнің.
Тұғыры туған елімнің.
жетелер алға арманды.
Жемісі сенсің сенімді
Астана үміт қаласы
Бас болған елдің данасы
Мақтана оған қарайды
Қазақтың барлық баласы.
Жайнап өсті Астана
Бәйтерегі көк тіреп,
Болды Астана бас қала
Іске асты көп тілек.
Әсем үйлер самсаған
Көшелері көсілген
Ағады ерке Есілі,
Астанадан нәр алып.
Кеткен қала есімі
Жер шарына таралып
Бабалардың көзіндей.
Даналардың сөзіндей.
Ұлы дала тұрғызды,
Ұлы қала өзіндей.
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам, бас қалам.
Маған қымбат бұл елімнің
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры.
Тәуелсіздік – Ұлы күнім.
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен жасай бер, мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Астана, қала, Арман
Просмотров: 386 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar