Асық ату - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Асық ату
24.09.2015, 10:21
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған ІІ аудандық «АСЫҚ АТУ» ұлттық ойынының әзірлемесі

1 - жүргізуші – Айымгүл
Қайырлы күн, қасиетті де, киелі Баян өңірінің қадірлі тұрғындары мен қоңақтары, зиялы қауым, құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Биыл қазақстанда алғаш рет 1 - желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Күнтізбеге атаулы күнмен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.

2 – жүргізуші: Гүлнар
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы елбасымыздың есімімен тығыз байланысты.

1 - жүргізуші – Айымгүл
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған күніне арналған ІІаудандық ұлттық ойынымыз «АСЫҚ АТУ» жарысына қош келдіңіз

2 - жүргізуші - Гүлнар
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әнұран
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.(Ән ұран орындалады)

1 - жүргізуші - Айымгүл
Президентіміздің кемеңгерлік басшылық етуінің арқасында біздің ел жыл сайын алға басып, әлеуметтік - экономикалық қуаты өсіп, халқымыздың бірлігі, ынтымағы жарасып қарқынды даму жолындамыз.
2 - жүргізуші - Гүлнар
Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!
1 - жүргізуші - Айымгүл
Бүгінгі жарысымызға келген қатысушыларға ыстық лебізін білдіргелі қонақтарымызға сөз кезегін берейік.

2 - жүргізуші - Гүлнар
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлым,
Ұлт үшін аямаған күш - дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
– Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен.
Мектебіміздің бұлбұл дауысты әншісі Файзолла Гүлдананың орындауында «Туған жер» әні.

1 - жүргізуші - Айымгүл
Арналды ән мен күй, өлең саған,
Тәуелсіз бақытын ел аңсаған.
Алып шығар нарықтың өткелінен,
Елім менің, ер қайрат, кемел санаң.
Ата заңын, өзіндік бағытың бар,
Бұл күшті бойдағы ағытыңдар.
Қазақстан – Егемен ел екенін
Төрткүл әлем жүзіне танытыңдар – дей келе.
Баян сұлу би ұжымы «Биші Қайын»

2 - жүргізуші - Гүлнар
Ата деп сені ардақ тұтады ұрпағын,
Тарихтан тартым бабалар жолын жалғадың.
Ерлік пен елдік мұратын ту ғып төбеңе,
Болашақ қамын, халқының қамын жырладың
Нұр атам менің намысын отқа қайраған,
Күндіз де түнде халқының қамын ойлаған.
Қазақтың атын танытып әлем жұртына,
Байрағын ұлттың басына шыңның байлаған.
«Қара жорға» биі
1 - жүргізуші - Айымгүл
Бәріміз бірге, Біздің Отан – Қазақстан!, біздің Президент – Нұрсұлтан!
Елбасы елдің тірегі! Елбасымыз жасасын! Жаса Қазақстан!

2 - жүргізуші - Гүлнар
Бүгінгі «Асық ату» жарысының ережесімен таныстыруға мектебіміздің
денешынықтыру пәні мұғалімі Сағындықов Алмас Саябекұлына беріледі.

1 - 2 - жүргізуші бірге:
Жарысқа қатысушыларға сәт - сапар, сәттілік тілейміз!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Асық, ату
Просмотров: 170 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar