Асыл ана - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Асыл ана
24.09.2015, 13:42
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Асыл ана»

Мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.

ІІ. Негізгі бөлім
Аналар мен қонақтар төрден орын алады. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.
Мұғалім:
Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын - ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана»деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар. «Асыл ана»атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

музыка әуенімен сыныпқа қолдарында өздері қолдарынан жасаған гүлдері бар оқушылар кіреді, гүлдерін аналарына тарту етеді.

Диана
О, періште Анам!
Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Жанатбек
Жұмақ - құшак панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-қыздың,
Еңбек сүйгіш Анам!

Мадина
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам

Жандаулет
Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ана, Асыл
Просмотров: 254 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar