Ата сөзі – ақылдың көзі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ата сөзі – ақылдың көзі
24.09.2015, 11:54
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ата сөзі – ақылдың көзі».
Мақсаты: Тәрбиелік; Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді оқушылар бойына қалыптастыру;
Үйретушілік; оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дамыту;
Дамытушылық: шешендік сөздер, мақал - мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке, имандылыққа, әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту, мағлұмат арқылы рухани байлығын, ұшқырлығы мен ойлау қабілетін дамыту;
Түрі: Топтық - сайыс
Көрнекіліктері: Слайд, нақыл сөздер жазылған қағаздар, суреттер, «сарыарқа» атты күй;

Сайыс бағдарламасы: 1. Әр топ өздерін таныстыру;
2. «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (сұрақ - жауап бөлімі)
3. «Ескірмейтін ескі сөз» (слайд арқылы берілген сөздердің мағынасын ашу)
4. «Көне кебеже!» (слайд бойынша берілген суреттерге мақал - мәтелдер құрастыру)
5. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» (шешендік сөздерден сахналық қойылым)
6. «Тапқыр болсаң озып көр» (асық бойынша берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру)
Әр бөлім бойынша әр топтың жауаптарына қарай конфертке жасырылған жұлдызшалар беріліп отырады. Сайыс соңында жинаған конферттерін ашып, қанша ұпай жинағандарын анықтайды.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру;
ІІ бөлім:
Бүгінгі «Ата сөзі - ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Адам баласы өмір көшінде қандай кезең, қандай заман, қандай кез келсе де, ұрпақ қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Халқымыз ежелден салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, тілін, дінін, өнеге - өсиетін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған. Олай болса бізде өз үлесімізді қоса отырып, бабалар қалдырған өсиеттердің мағыналарына терең бойлап, сөз маржандарының теңізінде жүріп көрейік! Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп. Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.
1. Енді сайысымызды бастамас бұрын топтармен танысып алайық. 1 - ші топ «Қазыбек би ауылы», 2 - топ «Төле би ауылы», 3 - топ «Әйтеке би ауылы».
2. «Асылдың сөзі - ақылдың кені» бөлімінде сұрақ – жауап әдісі қолданылады. Бұл кезеңде топтарымыз салт - дәстүр, әдет - ғұрып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұраққа бірінші болып белгі берген топ жауап береді.
1. Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, не деп ырымдайды? (Малы пышаққа түседі)
2. Жеті жарғы заңы бойынша көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге қандай жаза қолданған? (өлім жазасы)
3. Киіз үйдің 12 қанатты үйін қалай атайды? (Ақ Орда)
4. Баланың (ұл, қыз) кішкентай кезінде шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны қалай атайды? (Тұлым).
5. Қазақ ырымында балаға ми жегізбейді. Ол нені білдіреді?(Себебі мидай былжыр, бос белбеу, ынжық болып, өседі дейді.)
6. Жеті жарғы бойынша жазықсыз кісі өлтіргендерге қандай жаза қолданған. (Өлім жазасын бұйырған).
7. Киіз үйдің құрылысында кереге мен шаңырақ ортасын қосатын бөлігі? (уық)
8. Ұзатылған қыз өзінің тетелес сіңлісіне басына тартатын орамал береді. Бұл – ендігі кезек сенікі дегенді білдіреді. Бұл дәстүр қалай аталады? (Шарғы)
9. Қазақта тіл ұшын жесе сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Ал, таңдай жесе... (Шешен болады)
10. Тұрмысқа шыққалы отырған қыздың туған туысқандарымен қоштасу өлеңі?(сыңсу)
11. Жүн сабарда, сабап болған соң тамақ беру дәстүрі? (Тулақ шашу)
12. Құмырсқалар күндіз илеуіне асығып жатса, нені білдіреді? (Ауа райы бұзылады.)
13. Ұста пышаққа жарымас, етікші неге жарымас?(Етікке жарымас)
14. Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше? (аяққа)
15. Қылыштан өткір не бар? (тіл)
16. Ең киелі құс?(аққу)
17. Сәукеле желегін кім қай уақытта киген? (қалыңдық киген)
18. Қазақ шопандарының шахматы? (тоғызқұмалақ)
19. Жаңа дүниеге келген сәбидің киетін алғашқы киімі?(иткөйлек)
20. Мұсылманның қасиетті кітабы? (құран)

3 - кезең. «Ескірмейтін есті сөз» бөлімі. Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл халықтық этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырым - тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т. с. с.
(Берілген нақыл сөздерді сайыскерлер түсіндіріп беруі керек.
1. Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)
2. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)
3. Балаға құйымшақ жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек, сабырсыз болады дейді)
4. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)
5. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
6. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)
7. Аң - құс балалағанда, төлдегенде, құстар балапан өргенде аңға шықпайды (табиғатты аялау, жан - жануар басының көбеюін қадағалау, обалына қалмау)
8. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп - шалам, шіркей түсіп кетеді және жын - шайтан жалап кетеді дейді)
9. Жас балаға, қызға кәрі жілік ұстатпайды (ер бала бойдақ жүріп қалады, қыз бала оң жақ босағада отырып қалады дейді.)
10. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді)

ІҮ. «Көне кебеже»
Ғасырлар бойы сұлуланып, салмақтанған асыл сөз, сөз мәйегі - мақал келесі қақпамыздың мазмұны. Дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы - мақалдар мен мәтел сөздер.
Мына көне кебежеде сары майдай, көздің қарашығындай сақталған асыл дүние – мақалдар жазылған. Берілген суреттер мен сөздерді қатыстырып мақал құрау. Осы мақалды тауып айтуыңыз керек.
«Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алады», «Ел көркі - мал, Өзен көркі - тал», «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ», «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын», «Тәні саудың - жаны сау»

4 - кезең (Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні) топтардың сахналық қойылымы.

5 - кезеңі «Тапқыр болсаң озып көр».
Киелі сандарға байланысты сенімдер мен нанымдар сөз болады. Екі топ қоржындағы асықтарға жасырылған сұрақтарға жауап береді.
1. Үш санына байланысты қандай ұғымдар бар?( Үш жүз. Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.)
2. Үш жұрт (Өз жұртың, Нағашы жұрт, қайын жұрт)
3. Үш қуат (Ақыл қуат, жүрек қуат, сенім қуат)
4. Үш арсыз (Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
5. Үш дауасыз (Мінез, кәрілік, Ажал)
6. Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
7. Үш қадірсіз (Жастық шақ қадірсіз. Денсаулық қадірсіз. Жақсы жар қадірсіз.)

Сабақты бекіту: Міне оқушылар біз бүгін ата - бабаларымыздан мұра болып қалған асыл сөздерге тоқталып, олардың мән - мағынасына тағы бір мәрте саяхаттап қайттық.
Қорытындылау: Жеңімпаз топтарды анықтап, өз бағаларын беру.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сөзі, ата, көзі, ақылдың
Просмотров: 408 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar