Ата салтым – асыл мұрам - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл мұрам
24.09.2015, 09:26
Тақырыбы: Ата салтым – асыл мұрам
Мақсаты: 1. Оқушылардың бойында халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін танып білуге, ардақтауға құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
2. Имандылық пен адамгершілікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакат, нақыл сөздер.
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, тәрбиеленушілер бүгінгі «Ата салтым – асыл мұрам» атты саяхат сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет - ғұрып, салт - дәстүрін балалар бойына дарытып, имандылық, адамгершілік рухында тәрбиелеу мақсатындағы тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Туған соң адам болып,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Біз бүгінгі сабағымызда бойымыздағы бар білімімізді жолымызға азық етіп, «Ата салтым – асыл мұрам»ауылына саяхатқа барамыз. Ендеше іске сәт!

1.»Мақал - мәтел» аялдамасы.
Біз салт - дәстүрімізге байланысты мақал - мәтел айтуымыз керек.
Сыпайының сыры мол.
Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер.
Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас.
Жорғаң қатты болса бәсеке сал,
Ісің ақ болса көпке сал.
Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем.
Жек көргеннің жұмысын кетерінде сұра,
Сақтағанын жесе сағынғаны келер.
Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.
Құтты қонақ келсе қой егіз табады.
Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа.
Заманына қарай заңы, тойғанына қарай аңы.
Ән «Үкілі кәмшат»

2. «Әдептілік» аялдамасы
Қане, әдептілік жайында не білесіңдер. Өнерлеріңді ортаға салыңдар.
1 - оқушы: Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз!
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз!
Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: салтым, ата, мұрам, Асыл
Просмотров: 177 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar