Ата Заңым - ардағым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ата Заңым - ардағым
24.09.2015, 13:20
Сабақтың тақырыбы: Ата Заңым - ардағым
Сабақ мақсаты: Әр бала рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің Ата Заңын құрметтеу, Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеу рухында тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Суреттер, карта, шарлар.

САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Кіріспе
- Балалар, мемлекетіміздің атын атаңдар.
- Қазақстан
- Елбасымыз кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Астанамыз қай қала?
- Астана
- Тату өмір сүру үшін адамдар неге бағынуы керек?
- Ата Заңымызға
- Рәміздер туралы не білесіздер?
- Елтаңба, Ту, Гимн.

ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім:
- Сендердің әрқайсың Тәуелсіз Қазақстанның ұл - қызысыңдар. Қазақстан - бұл біздің Отанымыз. Мұнда 130 - дан астам ұлт өкілдері жасайды. Олардың тату, бейбіт өмір сүруі үшін жазылған Ата Заңымыз(Конституция) бар. Бұл құқықтық құжат 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Әр жылы 30 тамыз Конституция күні деп атап өтіледі. Биыл Конституцияға 18 жыл болды.
Конституция күні, Білім күні мерекелерің құтты болсын!
Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің өзінің Туы, Елтаңбасы, Гимні болады. Гимнді әр біріміз жатқа білуіміз керек. Туымызды көз қарашығымыздай сақтауымыз керек. Елтаңбаны білу бұл өткен тарихты білу, құрметтеу деген сөз. Өз тарихын білмеген бала өз Отанын қорғай алмайды.
Отан деген не? Бұл - сенің үйің, жасап жатырған жерің. Өткенімізді білу үшін тарих беттеріне тоқталайық. Маңғыстау ертеде шөл дала болған. Халықтың күнкөрісі мал болған. Соның қамымен көшіп - қонып жүрген. Кейін халық отырықшы тұрмысқа үйренді. Ақтау қаласының құрылғанына биыл 50 жыл, ал Маңғыстау облысының құрылғанына 40 жыл толып отыр.
Маңғыстау деген май бүйір серке паң дала,
Талайлар кеткен таңдайын қағып,, таңдана,- деп жырлағандай біздің Маңғыстау мұнай мен балыққа бай ел.
Әсем қала Ақтауымыз да күн санап көркейіп келеді. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев салауатты өмір салтына, халықтың әл - ауқатын жақсартуға, көп көңіл бөліп отыр. «Дені саудың, жаны сау» демекші ертең - гі ұрпақ сендерден басталады. Сендер жақсы оқысын мектеп ашып берді. Сендердің міндеттерің сабақты жақсы оқу, тәртіпті болу. Үлкен - дерді сыйлай білетін, өз елін сүйетін, болашақта Отанын қорғайтын дені сау, мықты азамат болып өсу.

Сандуғаш:
Биыл мен де мектепке,
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.
Айдос:
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Аружан:
Бірінші қыркүйек күні мен,
Анқыған жұпар гүлімен.
Келіп ем, қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен
Жансерік:
Отанның біз ұл - қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
ІІІ. Қорытынды:
- Өте жақсы, балалар! Бүгіннен бастап біз қолымызға кітап ұстап білім сырларын игереміз. Сабақ оқимыз. Енді сендер оқушысыңдар! Еліміз сендерден үлкен үміт күтеді.
Сендердің білім әлеміне басқан қадамдарына ақ жол тілейміз!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ардағым, ата, Заңым
Просмотров: 180 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar