Атадан қалған асыл сөз - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Атадан қалған асыл сөз
24.09.2015, 12:38
Зияткерлік сайыс
"Атадан қалған асыл сөз"
Тапқыр болсаң, тауып көр!
Сайыс мақсаты:
1. Оқушылардың мектеп бағдарламасы бойынша “Қазақ әдебиеті” пәнінен алған білімдерін есте қалдыру.
2. Пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Ұлағатты сөздер арқылы оқушылар бойына адамгершілік - ізгілік нәрін егу, елін, жерін,
отанын сүйе білуге тәрбиелеу.

Сайыстың өтілу барысы, шарты мен ережесі:
1. Сайысты бір мезгілде бірнеше топтың арасында
өткізуге болады.
2. Сайысқа қатынасушыларға сұрақты таңдау кезегі кезекпен беріледі.
3. Кезек бойынша алдымен ұяшық таңдалады, содан кейін ұпай таңдалады.
4. Көрсетілген ұпай жауап бірден берілген жағдайда беріледі. Топ “10” ұпай ұяшығындағы сұраққа көмек алып берген жағдайда, көрсетілген ұпайдың жарты - сын ғана алады. Жауап берілмесе, ұпай берілмейді. Қалған ұяшықтардағы ұпайлар әр көмек алған сайын 10 ұпайға кеміп отырады.
5. Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болып саналады.

Үзінді қай жырдан алынған?
Әкеміз, ағамыз құрған халықтың
Аты, даңқы өлмесін деп,
Түркі халқы үшін
Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым. (Күлтегін)

Сөз иесі кім?
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. (Қорқыт)
Үзінді қай жырдан алыған?
Аспаннан бір көк нұр түсті...
Сол жарық сәуленің ішінде
Бір қыз отыр екен...
Егер ол күлсе - көк аспан қарқылдан күледі
Егер ол жыласа - көк аспан күңірене жылайды. (Оғызнама)

Шумақтардың авторы кім?
Хикметтерім дерттіге дауа болар,
Ести алмай қалғандар нала болар.
Хикметтерім әлемге жатар тарап,
Тыңдағандар атыма айтар мадақ. (Ахмет Йасауи)
Нақыл сөздің авторы кім?
Ақылмен арыстанды ұстауға болады, ал күшпен тышқанды ұстай алмайсың.
(Махмұд Қашқари)
Ақыл сөздің авторы кім?
Бауырым менің, күйкіліктен аулақ қаш, шындығы бар жерді мекен ет. (Әл - Фараби)
Толғаудың авторы кім?
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін!
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
(Асанқайғы)

Толғаудың авторы кім?
Қоғалы көлдер, қом сулар
Кімдерге қоныс болмаған,
Саздауға біткен қара ағаш
Кімдерге сайғақ болмаған.
(Шалкиіз жырау)

Толғаудың авторы кім?
Күлдір - күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз?!
Күдеріден бау тағып,
Қамқапты киер ме екенбіз?!
(Ақтамберді жырау)

Өлеңнің авторы кім?
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман (Шортанбай Қанайұлы)

Жақсы жігіт ел жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай. (Сүйінбай Аронұлы)

Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлауды
Ел сауыры дер еді.
(Дулат Бабатайұлы)

Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Тептер үшін тебістік.
(Махамбет Өтемісұлы)

Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда кім болам?!
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)

Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алтыбақан алауыз.
(Абай Құнанбаев)

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім тұрар
(Мағжан Жұмабаев)

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп,
Жасап жатыр анық той.
Тұңғыш рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне,
Танып қой!
(Қадыр Мырзалиев)

Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
(Мұқағали Мақатаев)

Слайдын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сөз, қалған, Асыл, Атадан
Просмотров: 221 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar