Атаның сөзі - ақылдың көзі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Атаның сөзі - ақылдың көзі
24.09.2015, 13:43
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің
«Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі
Төкенова Жайнагүл

Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дарыту
Дамытушылық: шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке, имандылыққа, әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту, мағлұмат арқылы рухани байлығын, ұшқырлығы мен ойлау қабілеті дамыту.
Тәрбиелік: халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру.

Түрі: сайыс - ойын
Әдіс-тәсілдері: мақал-мәтелдерді жатқа айту, баяндау
Көрнекіліктері: көрнекі жазылған нақыл сөздер
Жоспар:
1. 2 топқа бөлу
2. Әділ қазыларды сайлау
Сайыс бағдарламасы:
1. «Мен атамның жалғасымын» Топ басы өзін-өзі таныстыру
2. «Асылдың сөзі-ақылдың кеңі» үй тапсырмасы
3. «Ескірмейтін есті сөз» мақал-мәтел айтысы
4. «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» өз ойларын сарапқа салу
5. Қорытынды.
Сайыс күй тартылып барып, басталады.
Барысы:
1-жүргізуші: Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз-дария
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі-соқпақ, сөзі-нәр.

2-жүргізуші: Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
1-жүргізуші: «Сөз атасы-сәлем» деген емес пе?
2-жүргізуші: Армысыздар, қонақтар!
1-жүргізуші: Бармысыздар, балалар!
2-жүргізуші: «Атаның сөзі-ақылдың көзі» атты сайысқа қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Бүгін көптеген аталы сөздермен, ақылдың кені бабалар өсиетімен танысасыздар.
2-жүргізуші: Сайыскерлермен танысайық!
1-жүргізуші: «Ақыл» тобын қарсы алайық!
2-жүргізуші: «Достық» тобын қарсы алайық!
1-жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп, өзіндік ұлттық қасиетімізді қалыптастырады.
2-жүргізуші: Әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
1-жүргізуші: Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім, өнеге-
Ақ тілеуі атаның.
2-жүргізуші: Сайыскерлерге бата беру үшін сахна төріне атамыз бен әжемізді шақырамыз.
Ата: Жүйрік тілді ақын бол,
Жақсыларға жақын бол.
Достарыңмен тату бол,
Дұшпаныңа қату бол. Әумин!
Әже: Ұсақ болма ірі бол,
Өз ортаңның гүлі бол.
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол! Әумин!
1-жүргізуші: Ойға тоқы, нарқын сез,
Ата сөзі-алтын сөз, деген осы.
2-жүргізуші: «Мен атамның жалғасымын» атты бірінші сайысымызды бастаймыз.
Әр топтың белсенділерін тыңдап, әділ бағасын беру.
Екінші сайысымыз «Асылдың сөзі - ақылдың кені» деп аталады. Ол-үйге берілген тапсырма. Сахнаға «Ақыл» тобын шақырамыз.
Олар «Достықты нығайтатын не?» сұрағына жауап іздеу керек.
- Достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.
- Шын достың ақылдыға тән екендігі.
- Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұқсат па» дегенді үйрену
- Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі.
- Жөн сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.
Сахнаға «Достық» тобын шақырамыз.
Олар «Адамға ақыл беретін кімдер?» сұрағына жауап іздеу керек.
- Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы
- Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
- Адамға ақыл беретін –адал дос.
- Адал дос-ақылшың, ақылшы дос-жақының.
- Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың
Әр топтың мәнерлеп айтқанына, толық жауабына баға беру.
1-жүргізуші: «Ескірмейтін есті сөз» атты сайысымызды бастаймыз. Бұл сайыста мақал-мәтелді кезектесіп айтып жарысу. Екі топтың сайыскерлері бірдей қатысады.
2-жүргізуші: Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса.
Батырлықтан не пайда,
Халқың үшін қайрат қылмаса.
1-жүргізуші: Туған соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ.
Ата сөзін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
1. Бірлік түбі-тірлік.
2. Төртеу тату болса алар, алтау ала болса алдырар.
3. Сыйға сый, сыраға бал.
4. Сыйлап берген су сатып алған балдан артық.
5. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы кісі сәлем берер.
6. Қуыс үйден құр шықпа.
7. Шешен сөз бастар, батыр қол бастар.
8. Көп сөз-күміс, аз сөз - алтын.
9. Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер.
10. Өткір тіл дарын, ұзын тіл жауың.
2-жүргізуші: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» атты сайысымызды бастаймыз. Әр топтың сайыскерлері бірінің айтқанын екіншісі жалғастыруы керек.
1. Жақсы бала құлақ сап, айтқаныңды ұғады.
2. Жақсы бала, ол анық істемейді шалалық.
3. Ерте тұрып, бетін жуып, ұялмай шығар тақтаға.
4. Тап-таза боп жуынып, алады ол таранып.
5. Сабағына барады, күнделігі дап-дайын, іші толған бағалар.
6. Анау бала, қолын қара, кір қожалақ қап-қара.
7. Тырнағы өскен, шашы көптен алынбапты, ұятай.
8. Түске дейін жатады, шешесімен ұрысып.
9. Жаман бала құрысып, өз-өзінен тырысып.
10. Үлкенді де сыйлайды, достарын ол жинайды.

1-жүргізуші: Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,
Анық төмен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
2-жүргізуші: Осы естігендеріңізден ғибрат алып, ой түйеді деп сенеміз. Әділқазылар әділ үкімін шығарғанша, топтардың ұпай санын есептеп болғанша бір жақсы ән тыңдайық.
Ән: «Әке туралы ән»
1-жүргізуші: Өсиетін атамның мұра тұту бізге парыз -дей отырып сайыс қорытындысын айтуға және марапаттауға кезекті әділқазылар алқасына берейік.
2-жүргізуші: Бойларыңда от бар екенін, жүректеріңде шоқ бар екенін байқадық.
1-жүргізуші: Күн нұрлы, өмірлерің сырлы болсын дей отырып, келесі мерекелік кеште кездескенше шуақты мол күндер болсын.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Атаның, сөзі, көзі, ақылдың
Просмотров: 407 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar