Атажұрт (сыныптан тыс жұмыс) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Атажұрт (сыныптан тыс жұмыс)
24.09.2015, 13:06
Тақырыбы: Атажұрт.(сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: Оқушыларға ана тілге деген сүйіспеншілігін, тіл туралы білімдерін жетілдіру, тілге деген құрмет борышымыздың бойымызда болу керек екендігін ұғындыру.
Сабақ барысы:
Кім білімді, өнерпаз білейікші,
Оқушылар алғыр деп жүрейікші.
Осындай сайыстарда білім шыңдап
Сайыскерге сәттілік тілейікші - деп сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Аққа ақ деп, аққа жақ боп баға бер,
Алқасы әділқазы - кемеңгер
Беріңіздер әділ бидей әділ баға
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер.
Әділқазылар алқасы: 1.
2.
3.
Сайысымыздың шарттары:
1. Қанат қақты (топ басшылар сайысы)
2. Самғау
3. Шарықтау (жанашырлар сайысы)
4. Шырқау
5. Жерұйық

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Қанат қақты»
Әліпби бойынша мақал - мәтел айту (1 минутта қанша мақал айтқаны есептеледі)
Іс тындырсаң аптықпа
Өлшеп - пішіп асықпа
Даналардың сөзі - ақыл
Зер салсаң зердеңе қонар.

Сайысымыздың келесі кезеңі «Самғау» Өлеңдегі көркем сөздерді табу.
1. А. Құнанбаевтың «Күз» өлеңіндегі күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып айт.
... ағаш
... бұлт
... тұман
... шөп жоқ
2. М. Мақатаевтың «Отан туралы»өлеңінде қолданған көркем сөздерді тауып айт.
... өзен
... тау
... тіл
... үн
3. Зейнолла Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңінде теңеу сөздерді тауып айт.

Ақша қар.....
.....
Бұл екі кезеңді қорытындылай келе, ұпай саны аз топ сайыстан шығады.
Сайысымыздың келесі кезеңі «Шарықтау» (жанашырлар сайысы)
1. Өлеңді жалғасты және авторы кім?
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
..........
...........
2. Өлеңді жалғастыh және авторы кім?
Ашық күнде жарқырап,
Жаңа жауған қар жатыр.
..........
...........
Сайысымыздың келесі кезеңі «Шырқау»
Сөздерді пайдаланып мақал - мәтел құрастыр.
1. Ақыл тозбайды
Тіл
Білім
Өнер

2. Жігіт бұлақ
Сөз
Су
Ауа

3. Дос мақтар
Дұшпан
Ақылшы
Қас

4. Тамақтың Тәттісі жоқ
Дәрінің
Аурудың
Адамның

5. Еңбектің тәтті
Еріншектің
Білімнің
Жалқаудың
Сайысымыздың келесі кезеңі «Жерұйық» Ақтық сайыс.
Сырым батыр не деп жауап берген екен?
Сырым Үргеніштің еліне барады. Хан Сырымның атағына сырттай қанық. « Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісі»- деп естиді екен. Хан Үргеніш шешенімен Сырымды айтыстырыпты.
Үргеніш шешен:
Сөз анасы не?
Су анасы не?
Жол анасы не?

Сырым батыр:
.....
.....
.....
Қорытындылау:
1. Жүлдегерлерді марапаттау.
2. Құттықтау сөздер
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (сыныптан, тыс, жұмыс), Атажұрт
Просмотров: 174 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar