Ауған ақиқаты - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ауған ақиқаты
24.09.2015, 09:59
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу - кеші

Мақсаты:
Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Слайд. Тақырыбы жазылған баннер, ерлік туралы мақалдар: «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Жаңбыр жауса - жер ырысы, батыр туса – ел ырысы»
Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері:
Есқараев Ғалымжан Қабылбайұлы 23. 02. 1965 ж
Төреманов Жәнібек Сұлтанбекұлы 29. 07. 1965 ж
Өтегенов Абай Ноғайұлы 14. 05. 1966 ж

Кездесу кештің барысы
1 - жүргізуші:
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 8в сыныбының ұйымдастыруымен болып отырған «Ауған ақиқаты» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

Мемлекеттік Гимн орындалады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: (Слайд)
Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.
Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.
Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
(Қонақтармен таныстыру)
Есқараев Ғалымжан Қабылбайұлы 23. 02. 1965 ж
Төреманов Жәнібек Сұлтанбекұлы 29. 07. 1965 ж
Өтегенов Абай Ноғайұлы 14. 05. 1966 ж
1 - жүргізуші:
- Сіздердің құрметтеріңізге Қыдырбай Динараның орындауында «Сәлем саған, туған ел» әні. Қабыл алыңыздар
2 - жүргізуші:
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ауған, ақиқаты
Просмотров: 412 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar