Ауылым - алтын бесігім (жасөспірімдер айтысы) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ауылым - алтын бесігім (жасөспірімдер айтысы)
24.09.2015, 09:11
«Ауылым - алтын бесігім» жасөспірімдер айтысы

Мақсаты: оқушылардың дарындылықтарын анықтау; шығармашылық қабілеттерін дамыту; тілді құрметтеп, отансүйгіштікке тәрбиелеу; шешендік өнерге баулу;
Көрнекіліктер:
Экран, проектор.
Микрофон 4 шт. 2 (стойкамен), 2 (жүргізушіге).
2 орындықтар (айтыскерлерге)
Зал безендіру: шарлар тағу, кітаптар көрмесі;
Көрсеткіш бағалар (5 дана) 1-ден 5-ке дейін.
Әділқазыларға үстел, 5 орындық.
Баяу музыка
Слайд «Ауылым - алтын бесігім» жасөспірімдер айтысы

1 - Жүргізуші: Құрметті қонақтар, айтыскерлер! К. Шәкенов атындағы орта мектебіне хош келдіңіздер!
Ауыл - заты қазақ баласының кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейінгі сан толқын ұрпақтардың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.
Жүргізуші: Ауыл – адамдардың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен - жайы, ұлттық рухының қуат алар қайнар көзі. Ауыл көркейсе – халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі емес пе?
2 - Жүргізуші: Ауыл ұлтымыздың ұйтқысы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз, кез келген ұлттың түп тамыры ауыл жұртында жататын естен шығармауға тиіспіз», - деді.
1 - Жүргізуші: Ауыл – қазақ халқының алтын бесігі, салт - дәстүрі, өлең - жыры, өнерімен мәдениетімен дамыған ордасы.
2 - Жүргізуші: Ендеше... бүгінгі біздің айтысымыздың тақырыбы -------- (екеуі бірігіп) «Ауылым – алтын бесігім».
Слайд қосу 2 «Ауылым - алтын бесігім»
Музыка.
1 - Жүргізуші: Кешегі сағымша өткен бұлдыр заманның буылдыр желегін түріп тастап, дәл өзімізбен бірге тілдесіп, болашаққа қадам басып Майлықожа мен Айман, Жамбыл мен Айкүміс, Әсет пен Кәрібай сапта тұрғандай
2 - Жүргізуші: «Ауылым – алтын бесігім» жасөспірімдер айтысының ережесімен таныстырып өтелік.
Слайд 3
Айтыс 3 бөлімнен тұрады:
Жалпы айтыс
Қыз бен жігіт айтысы
Күй тартыс.

1 - Жүргізуші: Әр айтыскер ақынға 3минуттан беріледі.
2 - Жүргізуші: Айтыскерлерімізге әділ бағасын беретін әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар. (Әділқазыларды таныстыру).
Слайд 4
1 - Жүргізуші: Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Жасөспірімдер айтысының бүгінгі
Биші қыздар бимен бетін ашады.
Би (6 сынып қыздары) «Бипыл».
1 - Жүргізуші: Қадірлі де қадірменді қонақтар, жеңсем деп үміттеніп келген үміткерлер! Келген қадамдарыңызға гүл бітсін деп барлықтарыңызға сәттілік тілеп, айтысымыздың бірінші бөлімін бастайық.
Музыка
Слайд 5 ( Жалпы айтыс)

Айтыскерлердің бірінші жұбын таныстыру
(1 бөлім басталады, әр ақынға әділқазылар бағаларын береді).
Слайдқа оқушының аты - жөнін тіркеу, бағасын тіркеу
2 - Жүргізуші: Айтыс – шешендік өнер. ХІХ ғасырларда қыз бен жігіт айтысы дами бастады. Күні бүгінге дейін бізге белгілі Біржан мен Сара, Ақсұлу мен
Кеншімбай, Ақбала мен Боздақ, Қадиша мен Ысқақ тағы басқалар.
1 - Жүргізуші: Міне, сол асыл мұраны сақтап келе жатқан оқушылар арамызда қыз бен жігіт айтысы дәлел.
2 - Жүргізуші: Ендеше, «Қыз бен жігіт» айтысының алғашқы жұбын ортаға шақырайық.
Слайд 6 ( Қыз бен жігіт айтысы)
(ортаға айтыскерлер шығады)
Әділқазылар бағасын береді.
Слайдқа оқушының аты - жөнін тіркеу, бағасын қою

1 - Жүргізуші: Айтыс өнері – қазақ халқының бойындағы поэтикалық дарын.
2 - Жүргізуші: Айтыс – халық ауыз әдебиеті.
1 - Жүргізуші: Айтыс – қоғамдық, топтық, әлеуметтік мәселелерді қозғап, ашық сын айту дәстүрі.
2 - Жүргізуші: Айтыс - өнер әрі тәрбие.
1 - Жүргізуші: Айтыс түрлері өте кеп. Бүгінгі біздің айтысымыз 3 кезеңнен тұрады.
2 - Жүргізуші: Күй тартыс дегеніміз не? Сұраққа жауап беріп көрші.
1 - Жүргізуші: Ертеде қазақ халқы тек айтысқа ғана түспей күй тартысқа да түскен. Күй тартысқа түсетін күйшінің домбырада шебер ойнайтын, өз жанынан күй шығара білетін қабілеті болу керек. Айтысқа кез келген ақындар қатыса алмайтын секілді күй тартысқа да кез келген күйші түсе алмайды.
2 - Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Құрманғазы мен Дәулеткерей арасындағы, Тәттімбет пен Найман қызының арасындағы күй тартыстар осының дәлелі емес пе?
1 - Жүргізуші: Бүгінгі біздің күй тартысқа келіп отырған күйшілеріміз солардың ізбасарлары.
2 - Жүргізуші: Күй тартысымыздың алғашқы жұбын ортаға шақыру.
Слайд 7 (Күй тартыс)
(Әділқазылар бағасын береді)
Слайдқа оқушының аты - жөнін тіркеу, бағасын жазу

1 - Жүргізуші: 1 бөлім «Жалпы айтыс» бойынша қорытындыны шығару үшін сөзді әділқазыларға берейік.
(Осылайша 3 бөлімнің қорытындысы шығады).
Слайдқа қорытындыны шығару
2 - Жүргізуші: Мен де айтыскер ақын болған сияқтымын. Кәне, екеуміз айтысып көрейікші!
(Жүргізушілердің айтысы, бір шумақтан)
Жүргізушілер: (бірге): Ақтық сайысымызды бастайық.
«Жалпы айтыс»
«Қыз бен жігіт айтысы»
«Күй тартыс»

Бағалау
Слайдқа қорытындыны шығару
1 - Жүргізуші: - Әділқазылар бір шешімін бергенше мектебіміздің оқушылары өз өнерлерін көрсетсін.
Қайрат Гүлнар
Құмаров Азамат
Ашимханова Кәмшат
2 - Жүргізуші: Толқындап тасып кемері
Жібітіп жүрек өлеңі
Есігіңді аш деп кең дүние
Алшаңдап ақындар келеді.
Ортаға жас ақындарымызды шақырайық.
Әділқазылар шешімін береді.

1 - Жүргізуші: Біздің мақтануымызға да болады, өйткені айтыскер ақындар өзінің заманы мен замандасынан көрмеген сый - құрметті бізден, өздері баулыған ұрпағынан көрді. Айтыс - өнері ұрпақтан ұрпаққа, ғасырлардан – ғасырға өтпек, ол басылған сайын жаңа қырланған алмаздай нұрланып, жарқырап, жасарып, нұр төге бермек.
2 - Жүргізуші: Бүгін біз ұлы кештің куәгері болдық. Айтыскер ақындарымыздың өнерін тамашаладық. Келесі айтысқа дейін таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз күлімдеп батсын.
Бірге:
Жүздескенше күн жақсы болсын.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Алтын, (жасөспірімдер, бесігім, Ауылым, айтысы)
Просмотров: 184 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar