Қазақ өнерінің алғашқы қарлығаштары - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақ өнерінің алғашқы қарлығаштары
24.09.2015, 15:03
Сабақтың тақырыбы: Қазақ өнерінің алғашқы қарлығаштары.
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ музыка өнерінің даму ерекшелігімен және оның тарихымен таныстыру. Елімізде халықтық және әлемдік музыка өнерінің қалыптасуына зор үлес қосқан өнер қайраткерлерімен таныстыру.
2. Музыка өнері арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу, ән орындаушылық, жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды өз елінің музыка мәдениетін білуге, музыка өнерін сүйіп, оны игеруге, өнер қайраткерлерінің еңбектерін бағалай білуге, еліміздегі музыка өнерінің дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, өнер қайраткерлерінің суреттері. нақыл сөздер, мақал - мәтелдер жазылған кестелер, сөзжұмбақ.
Әдісі: түсіндіру, ойын, шығармашылық жұмыс, сөзжұмбақ шешу, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы
І.. Ребус шешу.
А) Жалпы өнер дегеніміз не?
Өнер ән айту өлең шығару айтысу мүсіндеу сурет салу ағаштан бұйымдар жасау тоқу зергерлік т. б.
- Осы өнер түрлерінің ішінде біз бүгін музыка өнерімен, оның даму тарихымен, алғашқы өнер қайраткерлерімен танысамыз.
ІІ. Кіріспе. Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.- деп Абай атамыз ән мен күйдің, жалпы
музыка өнерінің құдіретін, музыка өнеріне деген өзінің ыстық ықыласын білдіреді..
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыка дәстүрі дүниеге келді. Ұрпақтан – ұрпаққа ауызекі түрде жеткен халық музыкасы оның рухани өмірінен, қоғамдық қатынастарынан, күнделікті тұрмысынан ерекше орын алды.
Аты аңызға айналған Қорқыт, музыка ғылымы туралы «музыканың ұлы кітабы» трактатын жазған Әбу Насыр Әл Фараби, Қазтуған мен Асан Қайғы қазақтың көне музыка мәдениетінің өкілдері. Қазақтың музыка өнері тереңде жатыр. Халық ән - күйлерін дүниеге келген сәбилеріне арнап «Бесік жырынан» бастап, қыран бүркітіне де, құмай тазыға да, жүйрік атқа да арнады. Жаз жайлауға көшкенде, күз қыстауға қайтқанда ауыл ақсақалы әнмен бата берді, ру басы ақсақалдарының кеңесі ән немесе күймен ашылды.
Ал хабаршы жақсылық хабарды, төтенше жағдайды ауылдан - ауылға терме түрінде ән әуені арқылы жеткізді. Әйелдер киіз үй тіксе де, мал сауса да, өрмек тоқыса да, киіз басса да ән айта жүреді. Жиын - тойларда да, тіпті өлген адамды жерлеу салтында да жоқтау әнін орындаған.
Жалпы біздің қазақ халқы өнері халық, өнерді қадірлеген халық. Ендеше халықтың
«Гүлдерайым» әнін Ғазизаның орындауында тамашалайық.

ІІІ. Назерке: Атақты байлардың асында, жәрменкелерде, жайлауға көшкенде, қыстауға
қонғанда, үйлену тойларында, нәресте дүниеге келгенде, қыз ұзату тойларында ұлттық ойындармен қатар ақындар айтысып, әншілер ән айтып, күйшілер күй тартып өз өнерлерін көрсеткен.

1. Айтыс өнерін көрсету. Оқушылар айтысы. Тамырлан мен Динара
Тамырлан: Ассалаумағалайкум, армысыздар,
Ұстаздар, ата - ана, жігіт - қыздар.
Бүгінгі мерейлі той құтты болсын,
Ағайын аман - есен бармысыздар.
Динара: Әріптес, амансың ба. халың қалай,
Салатын бүгінгі күн әнің қалай.
Дұрыстап өткізейік бұл айтысты,
Бекерге кеудем соқтап дарылдамай.
Тамырлан: Алысқа шырқап шыққан дауысыңыз,
Әрқашан өршіл болсын табысыңыз.
Айта отыр сыныбыңда қандай екен,
Ел - жұртқа мақтанатын табысыңыз.
Динара: Отырсын тілегіміз орындалып,
Айтысып жүрейік те шабыттанып.
Ризамын, Тамырлан, сіздің сөзіңізге,
Кәнекей, қояйыншы қолыңды алып.

Сабрина: Осындай өнер жарысында жеңіп шыққандар жүлде алып, үлкен сый - құрметке
ие болған. Олардың атағы жан - жаққа тарады. Өзгеше шебер орындаушылық қабілеттері үшін үлкен құрметпен «Сал», «Сері» деп атаған. Біржан сал Қожағұлұлы, Ақансері Қорамсаұлы, Мұхит Мералыұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Үкілі Ыбырай, Ұлы Абай т. б. көптеген әнші - композиторлар
қазақ халқының ән мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан.
2. «Көзімнің қарасы» әнін Мадияр орындайды.
3. «Жаяу Мұса» әнін Арсен орындайды.

Камила: Асқан домбырашы, күйші - композиторларда, қазақ халқының аспаптық музыкасының, яғни күй өнерінің дамуына зор үлес қосқан Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы т. б. өнер адамдарын атауға болады.
4. Үнтаспадан Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдау.

Айдана: Қазақтың аспаптық халық музыкасындағы қобыз күйлерін қалыптастыруда, оны жан - жақты дамытуда халық композиторы әрі асқан қобызшы Ықылас Дүкенұлының халық музыкасының тарихында ерекше орын алды. Оның «Қорқыт күйі», «Қамбар күйі», «Шыңырау» атты т. б. күйлері бар.
5. Қобызбен «Қошақаным» әнінің әуенін Назерке орындайды.

Толқын: Сыбызғы аспабына арнап композитор әрі сыбызғаша Сарымалай классикалық күйлер шығарды. Ол «Нар идірген», «Қара жорға», «Бұлбұл» т. б. күйлер шығарып, сыбызғышылық өнерін дамытқан.
Аида: Әйелдердің қоғамдық өміріне, әнші - күйшілік өнерге араласуына тыйым салған ескілікті салт - жораның қиындығы мен кедергісіне қарамастан Нәзипа Құлжанова, Майра Уәлиқызы, Дина Нұрпейісова сияқты қазақтың өнерпаз қыздары түнек түндегі жарық жұлдыздай көзге түсті. Олар қазақтың тұңғыш профессионал әнші әйелдері еді.
6. Үнтаспадан Динаның «Жігер» күйін тыңдау.
7. Домбырашылар тобы «Еркем - ай» әнінің әуенін орындайды.

Мадияр: Қазақ музыка өнерінің дамуы оның қалыптасуы ғасырлар бойы халық даналығы тудырған музыка және поэзиялық фольклордың баға жетпес асыл қазынасын игере отырып, оны шығармашылық жолменен пайдаланды. Қазақтың опера және балет өнері мен бірге көптеген жаңашыл өнер мәдениетін игеріп дамыта бастады.

Азамат: Кеңес дәуірінде қазақ өнер қайраткерлері батыл ізденіп, аянбайеңбектенді. Тұңғыш қазақ театырының шымылдығы 1926ж. 13 – қаңтарда М. Әуезовтың «Еңлік - Кебек» спектакль трагедиясымен Қызылорда қаласында ашылды. 1933жылы Алматыда ең алғаш музыка студиясы
ашылды.
8. Қойылым: «Қазыбек бидің төрелігі»

Ғазиза: 1937 жылы Қазақстандағы ең алғашқы Қазақтың опера және балет театры құрылды. М. Әуезовтың «Айман - Шолпан» камедиясы мен Б. Майлиннің «Шұға» драммасы қойылды. Осы спектакльдерде қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітова үлкен табысқа жетсе, қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин ерекше режиссерлік шеберлік қабілетін көрсетті.
9. Бейне таспадан К. Байсейітованың орындауында ән тыңдау

Ханшайым: Ал әнші - артистер Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, биші
Шара Жиенқұлова т. б өнерпаздар актерлік талантымен жарқ етті. Әсіресе би өнерінің дамуына, оның қалыптасуына зор үлес қосқан Шара Жиенқұлованың еңбегі ерекше болған.
10. «Қамажай» биі. Бір топ қыздардың орындауында.

Динара: 1934 жылы Қазхақстанда ең алғашқы Біріккен қазақ - орыс опера театры ашылып, халық эпосы негізінде жазылған қазақтың тұңғыш операсы Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», сонымен бірге 1935 жылы «Жалбыр», «Ер Тарғын» опералары қойылды
11. Бейне таспадан «Қыз Жібек» операсынан үзінді тыңдау.

Аяжан: 1935 жылы құрамында хор коллективі: халық аспаптар оркестрі, би ансамблі мен әншілер тобы бар Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ филармониясы ашылды.
Арсен: Қазақ музыка өнерінің дамуына атақты композитор Е. Брусиловский, Л. Хамиди, М. Төлебаев, А. Жұбановтар зор үлес қосты.
Диана: 1944 жылы Алматыда тұңғыш консерватория, қазіргі Құрманғазы атындағы консерваториясы ұлттық музыка мамандарын дайындайтын үлкен оқу орны ашылды.
Сабина Қазақ өнерін ең алғаш шетелге танытқан атақты әнші Әміре Қашаубаев.
Ол Парижде өткен дүние жүзілік байқауға қатысып, өзінің ерекше дауысымен әлемді таң қалдырған..
16. Қазақ Халқының музыкалық шығармаларын жиып – теруде және зерттеуде, жергілікті ұлт мамандарын тәрбиелеуде орыс музыка маманы, композитор, музыка этнограф А. Затаевичтің еңбегі зор.
Тамырлан: Қазақ музыка мәдениетінің жетістіктері 1936 жылы және 1959 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде көрсетіліп жоғары бағаға ие болды.

12. «Жалғасын тап» ойыны. Өнер туралы мақал - мәтелдер айту. Мақалдың алғашқы жолы айтылады, ал соңғы жолын оқушылар айтуы керек.

Өнерлі.................................. Талаптыға.............................
Өнерлі бала............................ Өнерді үйрен де,..................
Өнерлінің қолы алтын,
.........................................
Ән көңілдің.................
13. «Қарлығаштар» сөзжұмбағын шешу
Қ ұ н а н б а е в
Ш А Р А
Н Ұ р п е й і с о в а
Қ Ы з Ж і б е к
Т ө Л е г е н о в а
Қ ұ р м а н Ғ а з ы
Қ А ш а у б а е в
Ш а н и н
З а Т а е в и ч
Ы қ ы л А с
Қ о р а м с а ұ л ы
1. Ұлы ақын, әнші - композитор.
2. Қазақтың би өнерін дамытушы биші қызы.
3. Қазақтың күйші қызы.
4. Қазақтың тұңғыш операсы.
5. Қазақтың бұлбұлы, 24 жасында Халық артисі атағын алған әнші қыз.
6. Күй атасы -
7. Әлемді қазақ өнерімен таныстырған әнші.
8. Қазақтың тұңғыш режиссері.
9. Орыс музыка маманы, композитор, қазақ музыка өнерін зерттеуші.
10. Қобыз күйлерін дамытушы - композитор.
11. Қазақ халқының «Сері» атағына ие болған әнші – композитор.
14. «Өнер қарлығаштары» әнімен қорытындылау.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: өнерінің, алғашқы, қарлығаштары, Қазақ
Просмотров: 186 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar