Қазақ осы «Өнер - алды тіл» дейтін - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақ осы «Өнер - алды тіл» дейтін
24.09.2015, 12:02
Қазақ осы «Өнер - алды тіл» дейтін...
Мақсаты: Тіл құдіретін меңгерту,қазақтың тіл өнерін оқушы бойына сіңіру, ана тілге деген сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастыру.
Оқушыларды ұшқырлыққа, байқампаздыққа, шешен сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы қанатты сөздер,мақал - мәтелдер, кітап көрмесі
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.
Негізгі бөлім.
Мұғалім сөзі: Мектепте тілдер апталығы өтіп жатыр.Бұл Қазақстан халықтарының 22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне қосатын үлесіміз.Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңында» «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі,ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы-тілдің дамуына,оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты»,- делінген.Тіл – ана сүтімен бойымызға сіңіп, атадан балаға жетіп отырған ұлы күш. Ол талай дәуірді, қоғамды, кезеңді, сынды басынан өткізіп келеді.Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойын атап өткелі отырсақ, сол Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз туған тіл.
Ананың асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлеп, мәртебесін асыра білейік.Ұлы Абай атамыз
«Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас » - деп нені айтқан?
Оқушылар: Тілімізді айтқан.
Мұғалім: Олай болса тіл дегеніміз не? Тіл деген ұғымды кім, қалай түсінеді?

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: «Өнер, алды, осы, дейтін, тіл», Қазақ
Просмотров: 145 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar