Қазақша сөйлегім келеді - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақша сөйлегім келеді
24.09.2015, 13:46
Іс - шараның тақырыбы: «Қазақша сөйлегім келеді» бағдарламасы
Мақсаты: Өзге ұлт оқушыларының сөздік қорларын молайту, мемлекеттік тілге қызығушылықтарын арттыру. Тәуелсіз еліміздің тарихына сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті «Қазақша сөйлегім келеді» бағдарламасының көрермендері.
2 - жүргізуші: Қайырлы таң, достар! Әдеттегідей «Оянайық» айдары
«Оянайық» айдарының жүргізушілері:
Сәлем достар! «Дені саудың - жаны сау» деген ұранмен жаттығуымызды бастайық.

1 - жүргізуші: Еліміздегі жаңалықтар. Тәуелсіздігімізді мерекелеу аясында барлық білім ошақтарында әртүрлі шаралар өтуде.
2 - жүргізуші: Бүгін сіздер тікелей эфирде біздің 20 сұрақтан тұратын викторинамызға қатыса аласыздар. Викторина сауалдары экранда. Дұрыс жауаптарыңызды 5 минут ішінде 2323 нөміріне смс - хабарламаларыңыз арқылы жіберуге болады. Бірінші және дұрыс жауап берген адам сыйлыққа ие болады. (кітапты көрсету)

Викторина сауалдары:
1. Қазақстан Республикасының астанасы
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
3. Қазақстан Республикасының Президенті
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
5. Халық саны
6. Ұлт саны
7. Мемлекеттік тудың түсі
8. Мемлекеттік әнұран сөзінің авторлары
9. Қазақстандағы қала саны
10. Қазақстанның жер көлемі бойынша алатын орны
11. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жасы
12. Тәуелсіз Қазақстанның туған жылы
13. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
14. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні
15. Мемлекеттік мерекелер
16. Тәуелсіздіктің 20 жылдық жылы
17. Қазақстанмен шекаралас мемлекеттер
18. Біздің Отанымыз
19. Петропавл қаласының әкімі
20. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

1 - жүргізуші: Ал қазір эфирімізде жарнама. Экрандарыңыздан алыстамаңыздар.
Жарнама
Кітапханашы: Егер қазақша сөйлегілеріңіз келсе біздің кітапханаға келіңіздер. Біздің кітапханада.......,.... бар. Барлық кітап, оқулық, сөздік тегін беріледі. Біздің мекенжайымыз: Мир көшесі 272 үй. Электрондық мекенжайымыз:................... Біз сіздерді тосамыз!
2 - жүргізуші: Бүгін біздің бағдарламамыздың қонағы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс - шаралар аясындағы 2011 жылғы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық байқауының қатысушысы, Алғыс хаттың иегері келіп отыр

1 - жүргізуші: Сәлеметсіз бе, қалыңыз қалай? Өзіңізді таныстырсаңыз.
(қонақ өзін таныстырады)
2 - жүргізуші: Рахмет сізге. Тәуелсіздік мерекесі қарсанында елімізге, қазақ тілінде сөйлегісі келетін жандарға не дер едіңіз?
Қонақ: Еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын! Денсаулық, бақыт тілеймін.

1 - жүргізуші: Әңгімеңізге рахмет. Сау болыңыз. Ал қазір тікелей эфирде «Ақ тілек» айдары
Тілші: Қайырлы күн! Тәуелсіздік – таусылмайтын жыр, әлдилеген ән. Әрбір халықтың санасында ең қастерлі ұғым болса, ол да – тәуелсіздік, яғни елдің елдігіне деген мақтаныш. Осыған орай халықтың көңіл - күйін сұрап, мерекеде не тілейсіз деген сұрақ қойдық. Сәлеметсіз бе?! Елімізге не тілейсіз?
1 - құттықтаушы
- Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесімен – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болсын! Елімізде дәулетті де, сәулетті өмір болсын!
2 - құттықтаушы:
- Қазақстан – бұл біздің ортақ жетістігіміз, бұл біздің ортақ мақтанышымыз! Әрдайым шығар тауымыз биік болсын. Әр жыл сайын тәуелсіздік тойын жарқын жүзбен, көтеріңкі көңілмен қарсы алайық. Қазақстан тәуелсіздігі жасасын!
3 - құттықтаушы:
Тілегімді өлең арқылы білдіремін.
Егеменді ел болдық, ерік келді халыққа,
Қасиетті көк туым, шарықтай бер шарықта!
Егеменді ел болдық, сөзін ашық жеткізген,
Қилы – қилы кезеңдерді өз басынан өткізген.
Егеменді ел болдық, сыр шертетін жүректен,
Бір болайық бәріміз, бейбітшілік тілекпен.

2 - жүргізуші: Алло..., «Қазақша сөйлегім келеді» бағдарламасы...................... сіз викторинамыздың жеңімпазы болдыңыз. Құттықтаймыз!!! Кейін студиямызға келіп сыйлығыңызды алуға болады.
Тілші: Тілектеріңізге рахмет. Енді әсем әнге кезек берейік.
«Туған жер» әні
1 - жүргізуші: Құрметті көрермендер сіздермен қоштасатын сәтте келіп жетті.
2 - жүргізуші: Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сөйлегім, қазақша, келеді
Просмотров: 91 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar