«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр
24.09.2015, 13:26
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, патриот сезімі ұялаған, оз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды рухы мықты жеке тұлға етіп, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Типі: Дәстүрлі сабақ.
Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Слайдтар.
6-КЛАСС
Тәрбие сағатының барысы:
Оқушылармен ҚР - ның Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Мұғалім:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Оқушы:
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР - ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміз?
- Тәуелсіздік алған күніміз?
- Еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданған күн?
- ҚР - ның Конституциясы қабылданған күн?
- Біздің елордамыз? (15 жылдығы)
- 14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі?
- Иә, балалар, Жолдауын арнады.
Бұл жолдау негізінен үш бағыттан тұрады:

І. Қалыптасқан Қазақстан
ІІ. ХХІ ғ. он жаһандық сын қатері
ІІІ. Қазақстан - 2050 стратегиясы – тым құбылмалы тарихи жағдайындағы жаңа Қазақстан үшін саяси бағыт

Мұғалім: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті.

Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.
Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ел, Тағдыр, стратегиясы:, Халық, «Қазақстан-2050», бір
Просмотров: 170 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar