«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық-бір ел, бір тағдыр - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық-бір ел, бір тағдыр
24.09.2015, 14:20
Тақырыбы: «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел, бір тағдыр.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде оқушының бойында мемлекетіміздің болашағына деген дұрыс көзқарас қалыптастырып және елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұту туралы бағыт бағдар беру.
Осы елдің азаматы ретінде мемлекетіміздің ішкі - сыртқы жағдайлармен үнемі танысып отыруға бейімдеу. Өз ойларын ашық айта алу дағдысын қалыптастыру.
Ұлтжандылыққа, ауызбірлікке, адалдыққа, бірлікке, достыққа, шыншылдыққа өз көзқарасын дұрыс бағыттай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сұрақ - жауап, пікір талас
Көрнекілігі: Суреттер, буклеттер, шар, елбасының суреттері, слайд.
1. Мемлекеттік әнұран орындалады.

1. Кіріспе. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Оқушыларға Стратегиясы жайында балаларға түсіндіріп өту:
Бүгінде Елбасымыздың жолдауы белсенді талқылануда. Елбасы жолдауы - қалың бұқараны сара жолға салатын жол. «Стратегиялық жолдау дегеніміз - Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл - ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалар жинағы.

1 - оқушы
Халқым күткен Елбасының жолдауын,
Елбасымыз күткен Елдің қолдауын.
Бізге керек түсіністік, парасат,
Бәрі осы бүгін айтар толғауым.
Елбасының ойлайтыны - ел қамы,
Зиялы елді тебіренту - толғамы.
Қазақ деген елге керек әрдайым
Ерен бірлік, ынтымақтың болғаны.
Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.
Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады.
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.
Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс. Біз бірінші дәрежедегі мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:
Олай болса сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар:

2. «Егер мен болсам?»
1. Елбасы болсаң қандай үлес қосар едің?
2. Салық саясатына қандай үлес қосар едің?
3. Табиғат ресурстарына қандай үлес қосар едің?
4. Ауыл шаруашылығын жаңғырту қандай үлес қосар едің?
5. Су ресурстарына қандай үлес қосар едің?
6. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғыртуда қандай үлес қосар едің?
7. Денсаулықты қорғауда қандай үлес қосар едің?
8. Баланы қорғауда қандай үлес қосар едің?
9. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасына қандай үлес қосар едің?
10. Спорт саласына қандай үлес қосар едің?
11. Білім беру жүйесін қандай үлес қосар едің?
12. Қазақ тілін дамытуға қандай үлес қосар едің?
13.«Балапан» бағдарламасына қандай үлес қосар едің?
14. Жемқорлыққа қарсы күреске қандай үлес қосар едің?
15. Ауыл әкімі болсаң қандай үлес қосар едің?

2. «Халық достығы».
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңеші орган. Ассамблея Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келсімді нығайту мақсатында 1995жылы 1наурызда құрылды. Ассамблея тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт - дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; отансүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық татулық пен келсімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым - қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады. ҚР Президентінің респулика азаматтарының құқыұтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысады. Қазақстан Республикасының тұңғыш Презинденті Ассамблеяның ғұмырлық Төрағасы болып табылады.
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік - байлық, ырыс - құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса, тыныштық
Балалар, «Бірлік» дегеніміз не? Қалай түсінеміз? «Бірлік гүлін» құрастырайық.(Балалар қолында жазылған гүл жапырақшалары: келісім, қосылу, достық, үміт, бейбітшілік, қайырымдылық).

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ел, Тағдыр, халық-бір, стратегиясы:, «Қазақстан-2050», бір
Просмотров: 196 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar