Қазақстан халықтарының тілдері күні - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақстан халықтарының тілдері күні
24.09.2015, 13:20
Астана қаласы,
№10 «Бөбек»балабақшасы
Ботакоз Сағындыковна Аяпбергенова

22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні»
Ата - аналармен жұмыс

«Қазіргі заман талабына сай, жан - жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық
психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның барша елдің халықтың міндеті» (Н. Ә. Назарбаев)

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995), Тіл саясаты туралы тұжырымдама(1996) және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң (1997) тек қазақ тілінің ғана емес, республикадағы барлық ұлт тілдерінің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін көздейді. Тіл туралы Заң VІ тарау, 27 баптан тұрады. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуы құқықтық негіздерін, оларды оқып - үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.

22 қырқүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы — Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.

I - айналым «Сәлем сөздің анасы» (Таныстыру)
ІІ - айналым «Ұшқыр ой» (Сұрақ - жауап)
ІІІ - айналым Көрініс
«Айгөлек»ересек тобының ата - аналары
«Аққу»ересек тобының ата - аналары «Не тәтті?» саханалау
ІV - айналым.«Адамды адам еткен еңбек» (Үй тапсырмасы, қол өнері)
V - айналым. « Cөз мәйегі - мақал». (Мақал - мәтел)
VI - айналым. Түскиіз(ою - өрнекпен ішекейлеу)
VII - айналым. Жұмбақ

Амандасу рәсімі
І топ “Бәйтерек” тобы
Ұраны:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым

ІІ топ “Сұңқар” тобы
Ұраны:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге

Армандарға қол созумен келеміз
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз
Білімменен қаруланған тобымыз
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

ҰЙҚАСЫН ТАП
Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған...
Тістемейді, теппейді,
Бос қойсам да...

Мына тұрған тайлағым,
Келмейді оны...
Сирақ, мойын көрік деп,
Жүр жирафқа...

Мына тұрған торайым,
Танауына...
Шалшыққа кеп аунайды,
Нас баладан...

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді... Ғабит Мүсірепов
Тілін білмеген, түбін білмейді.
Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді. сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін де бүлдіреді. Қуантамын деп қуартады. Келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады.
(Ғабит Мүсірепов)

Слайдын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: күні, Қазақстан, тілдері, халықтарының
Просмотров: 240 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar