Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Н.Ә.Назарбаев - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Н.Ә.Назарбаев
24.09.2015, 09:54
Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаев

Мақсаты.
Отанымызды сүюге, туған еліне, оның тіліне, салт - дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, бірінші Президентіміздің өмір жолына үлгі тұлға ретінде қарауға тәрбиелеу.

• 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
• 1967 жылы - Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы
Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің профессоры
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры
• 1960 – 1973 жылдары – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істейді.
• 1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
• 1973 – 1977 жылдары – Қарметкомбинаттың партком хатшысы
• 1977 – 1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы.
• 1979 – 1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
• 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
• 1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 жылғы ақпан - сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
• 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті
• 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев басым дауыспен 98, 7 жеңіске жетті.
• 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә: Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
• 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 79, 78 дауыс алып, ҚР Президенті болып сайланды.
• 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 дауысын алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева, Халықаралық “Бөбек” балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара
Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Әлия – бизнеспен айналысады, “Элитстрой” компаниясын басқарады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады

1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.
1993 жылы қарашаның 15 – і күні ұлттық валюта - теңге айналымға енді.
Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы деп жарияланды.
1998 жылдың 6 мамырында оған Астана деген ат берілген

1992 жылғы маусым айының 4 - жұлдызы – Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл еліміздің мемлекеттік рәміздері, Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

1991 жылдың 1 желтоқсаны және 16 желтоқсаны әрқашан да біздің тарихымыздың Бірлігі күні, Ұлы Күні болып қала береді, барлық уақыттарда да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланыста болады
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Республикасының, Қазақстан, тұңғыш, Н.Ә.Назарбаев, Президенті
Просмотров: 184 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar