Қазақстан спортшылары - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақстан спортшылары
24.09.2015, 13:12
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан спортшылары.
Сабақтың мақсаты: Спорт тақырыбын жалғастыру. Оқушыларды Қазақстан спортшыларымен таныстыру. Оқылым, тыңдалым, жазылым, тілдесім әрекеттерін жандандыру. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, дені сау азамат болуға, олимпиада жеңімпаздарын мақтан тұтуға үндеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:
І. Себепті кезең.
* Оқушылармен сәлемдесу.
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІ. Әрекетті кезең.
Жаңа сабақ
Тыңдалым.«Чемпиондар әні» (бейнебаян)
- Балалар, немен таныс болдыңдар?
- Бұл - әнді естідіңдер ме?
Бүгінгі сабағымыз Лондон олимпиадасына қатысқан Қазақстандық спортшылар туралы болмақ.
- Балалар, енді спорт туралы білетін ойларымызды ортаға салайықшы
«Кластерлеу»әдісі
Спорт түрлері

ат спорты, күрес, жүзу, баскетбол, жүгіру, волейбол
Жазғы ХХХ олимпиада Лондонда қатысқан спортшылар туралы не білеміз? Қысқаша мәліметтер: Серік Сәпиев, Ақжүрек Таңатаров, Әділбек Ниязымбетов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Ольга Рыпакова. Светлана Подобедова, Даниял Гаджиев, Гузель Манюрова, Иван Дидчко, Марина Вольнова Мұғалім: - Сонымен қатар өзіміздің әлемге әйгілі тарихта қалған қазақ палуаны Қажымұқан туралы айтпасқа болмас
Байрам: қысқаша мәлімет береді

Оқылым
Жазғы ХХХ олимпиада Лондонда өтті. Қазақстаннан 116 спортшы спорттың 25 түрінен қатысты.
Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан 12 - ші орыннан көрінді. Барлығы 13 медаль алды. Оның жетеуі алтын, біреуі күміс, бесеуі қола медаль.
Лондон Олимпиада жүлдегерлері:
Алтын медаль: Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Мая Манеза,
Зульфия Чиншанло, Ольга Рыпакова. Светлана Подобедова.
Күміс медаль: Әділбек Ниязымбетов.
Қола медаль: Ақжүрек Таңатаров, Даниял Гаджиев, Гузель Манюрова, Иван Дидчко, Марина Вольнова
• Мәтінді мұқият тыңдау, оқу.
• Аудару.
• Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар.

Айтылым.
Спорттың түрлерін атау.
Жазғы спорт түрлері:------------------ Қысқы спорт түрлері:
• 1. Велоспорт ------------------------- 1. Биатлон
• 2. Ат спорты ------------------------- 2. Тау шаңғысы спорты
• 3. Жеңіл атлетика ------------------ 3. Шаңғы жарыстары
• 4. Гольф ------------------------------ 4. Мәнерлеп сырғанау
• 5. Теннис ----------------------------- 5. Фристайл
• 6. Футбол ----------------------------- 6. Хоккей
• 7. Суда жүзу ------------------------- 7. Шорт - трек т.с.с.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: спортшылары, Қазақстан
Просмотров: 360 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar