Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
24.09.2015, 09:51
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, бекіту
2. Дамытушылығы: Білім алушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту, өз білімдерін бағалауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелілігі: Білім алушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу, бойларына «Елім» деген патриоттық сезім оят
Сабақтың түрі:
Сабақты оқыту әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс
Көрнекілігі: Қазақстанның картасы, суреттер, тірек схемалар кестелеу
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу, себебін анықтау
Б) Оқушылардың Қурал – жабдықтарын тксеріп, зейіндерін сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын сұрау: ______________________________

3. Жаңа сабақ материалы:
Жаңа сабақ материалымен таныстыру: Отан дегеніміз не, Отан дегеніміз туып – өскен тереміз. Әр халықтың өз Отаны болады
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.

II Фонетикалық жаттығу
Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру
1. Туған – жер
2. Тәуелсіз – мемлекет
3. Еуразия - материгі
4. Кең – далам
5. Елбасының – жолдауы
6. Өркениетті – еліміз
- Бүгінгі сабақты кластер арқылы өтеміз:
Тәуелсіздік күні

Астана
Конституция күні
Республика күні
Ата заң
Ту
Елтаңба
Бап
Білім

ІІІ « Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет», « Қазақстан – менің Отаным»
- Тәуелсіздігіміз қашан жарияланды? – 16 - желтоқсан 1991 ж.
Сөздікпен жұмыс:
Жарияланды – объявлен;
Бүкілодақтық – общенародный;
Еркіндік – вольность, воля;
Бостадық – свобода;

IV. Мәтінмен жұмыс. «Қазақстан 1991жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республикасы деп жарияланды. Бұл күн – Қазақстан тарихында « Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріппен жазылған.
16 желтоқсан - букілхалықтық мереке. Бұл біздің ел үшін аса маңызды тарихи оқиға.
Тәуелсіздік Республиканың халқына еркіндік, бостандық әкелді.
4. Бекіту:

Отаным

Қазақстан
Туған жерім
Менің
Елім
5. Қорытындылау:
А) Тәуелсіздік қашан жарияланды?
Ә) 16 желтоқсанда қандай мереке тойланады?
Б) Тәуелсіздік халқымызға не әкелді?

Бағалау: Білім алушыларды өз жауаптарына қарап бағалау
Үйге тапсырма беру: Мәтінді оқу. Жаңа сөздерді жаттау.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Отаным, менің, Тәуелсіз, Қазақстан, мемлекет.
Просмотров: 192 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar