Қазақстан және президент - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақстан және президент
24.09.2015, 12:28
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан және президент
Сабақтың мақсаты:
а) Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың балалық, жастық шағымен, кемелденген кезеңімен таныстыру
ә) Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
б) Сөйлеу мәдениетін, білім көкжиегін кеңейту

Тәрбие сағатының барысы:
1) Ұйымдастыру бөлімі
2) Кіріспе сөз
Қазақ елі – Қазақстан деп аталады. Оның жері 5 Франция, 15 Бельгия жеріне тең. Бас қаласы – Астана. Қазақтар және қазақстандықтар туған жерін жақсы көреді. Бұл елдің тарихы ел қорғаған батыр бабалар есіммен тығыз байланысты. Тәуелсіздік үшін күрескен Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай сынды батырлар есімін қазақтар өз жүрегінде мәңгі сақтаған.
Қазақстан Республикасы шығысында Алтай таулары мен батысында Еділ, Жайық өңіріне дейін созылған кең байтақ жерді алып жатыр. Ұлан-ғайыр ата мекеніміз қандай кең болса, пейіліміз де, жеріміз де, тіліміз де керемет бай.

Хор: «Менің Қазақстаным»
Қазақ елі, топырағы кешегі өткен дана Абайды, жыры семсер Махамбетті, шындықтың дәл өзіндей болған Бауыржанды, ұлы Мұхтарды, сөз зергері Ғ. Мүсіреповті, кеше ғана дүниеден өткен біртуар азамат Д. Қонаевты, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевты дүниеге әкелген.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін ең бірінші болып жариялады. Оның тәуелсіздігін ең алғаш Түркия таныды. Қазір дүние жүзі біледі десек, қателеспейміз.
Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Қазақстан бүкіл әлемге қарайды. Әлем Қазақстанға қарайды.

«Қазақстан картасы»
Әлемде ядролық қарудың жарылыстарына мораторий жариялаған тұңғыш мемлекет – Қазақстан.
Қазақстан Орта Азияда тыныштық пен бейбітшілікті қамтамасыз етіп, Европа мен Азияның бірлігін нығайтуға негіз қалап отыр.
Дүние жүзінде соғыс пен ұлтаралық жанжал өршіген тұста халықтар достығын сақтап, ұлттар мен ұлыстардың сыйластығын және олардың өсіп, өркендеуіне жағдай жасап отырған – Қазақстан.
Осы бағытта Н. Ә. Назарбаев Отанымыздың гүлденуіне, халықтың әл - ауқатының жақсаруына айрықша күш салып келеді.
А) тіл туралы өлеңдер
Ә) республика рәміздері
Б) әнұран

Н. Ә. Назарбаев – Қарасай батырдың сегізінші ұрпағы екені белгілі. Қарасай жауға шабатын батырлығымен ғана емес, көрегендігімен, әулиелігімен елге танылған абыз. Сол Қарасай батырдың ұрпағы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың өскен ортасы, балалық, жастық шағы, отбасы туралы деректермен танысайық.
Қайдасың, қайран балалық?
Президенттің балалық шағы Жетісу өлкесінде өтті. Соғысқа бармады демесең, 1940жылы туғандардың да қаршадайынан иініне түскен ауыр еңбек, түлкі құрсақ тұрмыс жүдеу хал – сол кезеңнің ортақ тағдыры еді.
1947 - 48 жылы мектепке барды. Шамалған бастауыш мектебінде оқып, кейіннен Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектепті аяқтап, болашақ арман сапарына аттанды.
Жастықтың жомарт таңында Н. Әбішұлы 1958жылы Қаскелең орта мектебін бітірген қыруар балалардың ішінен жеке - дара комсомолдық жолдамамен Теміртауға бет түзеді. Сол 1958жылы Қазақстан Магниткасына Металлург етіп даярлау үшін мектеп бітірген 100 қазақтың жігітін іріктеп, Украинаның Днепродзержинск қаласына, бұрынғы Қазақстан Үкіметінің келісімімен шарт жасасып, 2жылға оқуға жібереді. Ішінде Н. Ә. Назарбаев әлгі жүз жігіт техникум дәрежесінде білім алып қайтады. Сол жылдарда, яғни Украина жерінде Нұрсұлтан спортпен, біраз түрлерімен жете айналысады. Назарбаев Қазақстан Магниткасында еңбек ете жүріп, 20жасында комсомолдың Орталық Комитетінде мүше болып сайланады. 1965жылы зауыт жанындағы жоғары техникалық факультетін бітіріп шығады. Бұл кезде бесаспап металлург еді. Сол кезде болашақ жары Сара Алпысқызымен кездесіп, отау құрады.
Бір ананы еміп өскен бауырлар Нұрсұлтан, онан 7 жас кіші – Сатыбалды / Қарасай бабасына өте ұқсайтын, 34 жасында қайтыс болды, 2 баласы бар, Қайрат пен Самат, екеуі де білім алып, қазір қызметте.
Әнипа қарындасым Қарағандыға тұрмысқа шықты. Қазір Шамалғанда тұрады. Болат кейінгі інім. Оның екі қызы, бір ұлы бар. Н. Әбішұлы Сара Алпысқызымен үш қыз тәрбиелеп, құтты орындарына қондырып отыр. Дариға Мәскеу университеті тарих факультетін, Динара Мәскеу театр институтының экономика факультетін және Алматыдағы КИМЭП - ті бітірген.
Әлия республикадағы жоғарғы оқу орынында оқыған.
Бүкіл қазақ даласының тұңғыш егемендігін паш еткен көк байрақты алғаш көтерген Н.Ә.Назарбаев болатын.
Нұрекеңнің кемеліне келіп, данышпандық қасиеттері ашыла түсетін кез келді.
Кезінде жыр алыбы Жамбыл екі жасар Нұрекеңді тізесіне отырғызып, бата берген екен.

Қорыту:
Оңынан күн, солынан ай, жел тұрды
Бұл бағытқа бағала, кім келтірді?
Ойға алғанын орындасын ерік бер
Қолда халқым, тұңғыш президентіңді.
/Балалармен ой бөлісу/ «Қазақтан 2030 бағдарламасы.
Сурет салдыру.
«Менің отбасым», «Әлем тыныштығы», «Мен және менің достарым».
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазақстан, және, президент
Просмотров: 96 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar