Қазақ тілінің білгірі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақ тілінің білгірі
24.09.2015, 14:13
Тақырыбы: «Қазақ тілінің білгірі»

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін бақылау, тілге деген құрмет сезім тәрбиелеу, тіл мәдениетін сақтауға баулу, сөйлеу тілдерін дамыту.
Сайыскерлер 11 сынып түлектері. Әр дұрыс жауап жетонмен бағаланады.

1-кезең Сөзстанға саяхат
Алфавит ретімен жасырынған сөзді тапқан топ сұрақтарға бірінші болып жауап беруге құқылы.
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2. Қазақ әліппесінде неше дауысты дыбыс бар?
3. Алфавитте неше қазақ тіліне тән дыбыстар бар?
4. Ұяң дауыссыздар саны қанша?
5. Ашық дауыссыздар нешеу?
6. Еріндік дауыстылар саны қанша?
7. «ф» қандай дыбыс?
8. Қазақ әліпбиін тұңғыш жазған кім?
9. Қазақ жазуының реформаторы кім?
10. Біздің алфавит қай алфавит негізінде жасалған?

2-кезең «Аллитерация»
Әр топ бір әріпті таңдаған соң, сөйлем ішіндегі әр сөз сол әріптен басталатындай етіп бір сөйлем құрастырады.
3 кезең Фонетикалық жұмбақтар
1. Менде бар, сенде жоқ
Малда бар, елде жоқ.
Жерде жоқ, отта бар
Барда жоқ, жоқта бар
2. Көшеде құлық – қарайсың, ұқсайды ол қай әріп?
3. Айырға аздап ұқсайды, сабы жоқ бірақ ұстайтын
Қайсысы әріп, кім табады?
4. Бірінші буын ашық буын, екінші буын үнді дауыссыздан басталып, үнді дауыссызға аяқталады. Жалпы бұл біздің тіршілігіміз.
5. Бірінші буын ұяң дауыссыз дыбысқа басталып, ашық, жуан, езулік дауыстыға аяқталады. Ол барлық аналардың құрағы.

3-кезең «Синтаксис елі, Тіл көшесіне» сапар
Әр топ өзіне берілген тапсырманы топпен орындайды.
Сөйлемді теріп, сөйлем мүшесіне қарай талда
Өмір сүрді, 18 ғасыр, Төле би, “Жеті жарғы”, заң жобасын, Тәуке хан тұсында, жазды.
Ескерткіштер, батырларға, орнатылған, арнап, қалаларда, көптеген, бар, көше.
Абылай, біріктірді, басын, үш жүздің, біржолата, күйретті, Жоңғар хандығын.
Үш бидің, қазіргі кезеңде, жүзеге асты, мақсаттары, алды, еліміз, тәуелсіздік.
Хандар мен билер, мән берді, ел бірлігі, ерекше, жердің тұтастығына, олар, арнаған, тәуелсіздік үшін, күш - жігерлерін.

Дұрыс сөйлем құрастыр
Тігінші
Тері өңдеуші
Аспап шебері
Зергер
Саз балшық шебері
Ұста
Әшекей бұйымдар жасаған
Музыкалық аспаптар жасаған
Киіз үй жасауларын тіккен
Теріден саба, торсық, мәсі пішкен
Құрал - саймандар соққан

Кесте бойынша әңгіме жаз
Түркістан

IV - Xғ. - Шабғар
IX - Xғ.- Йаса
XVғ.- Түркістан
Ахмет Йасауи
Кесенесі

Тараз

Ұлы Жібек бойындағы қала, тұңғыш монша, Айша бибі, Бабажа қатын кесенесі

Отырар

VI - VIIIғ.- Фараб
XVI - XVIIғ.- Отырар
Арыстанбаб кесенесі

Тестік тапсырма
1. Орталық Азия мен Орта Азия тарихын зерттеп, құнды еңбектер
жазған ғалым.
2. 1884 жылы Орыс академиясына мүше болды.
3. «Түрік тілінің сөздігін» құрастырды.
4. 1932 жылы ЖОО студенттерге сабақ берді.
5. Көне түркі ескерткіштерінің мәтіні қазақ тіліне жақындығын дәлелдеген ғалым.
6. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы туралы мәселелермен шұғылданды.
7. Қазақтар, татарлар мен башқұрттарға еуропаша білім алуға көмектескен ғалым.
8. 250 - ден астам ғылыми - зерттеу еңбектер жазған ғалым.
9. «Қазақ тілінің дамуындағы Абайдың рөлі» еңбегінің авторы.
10. Жетісу өлкесінде болып, парсы және шығыстың әдеби мұраларын зерттеген ғалым.

4 Кезең Мақал - мәтел сайысы
Қатысушыларға бейнематериал ұсынылады. Видео мазмұнына сәйкес қай топ көп мақал айтады

5 кезең Топ басшыларының кездесуі
Топ басшылары бір әріпті таңдайды, жүргізушінің сұрағына жауапты сол әріптен басталатындай етіп жауап қайтару керек.
Тоқтар Әубәкіров кім?
«Невада - Семей» қозғалысын ұйымдастырушы
Мемлекеттік тудың авторы
Қазақ вальсінің королі
Жылқы не істейді?
Алматының бұрынғы атауы
Тәуелсіздік күні
Киіз үйдің төбесі
Абайдың шын аты
Жылқының сүті
Теңге дизайнері
Қазақстанда тілдер күні
Қазақ тілі өз мәртебесін қашан алды?
Тұңғыш театр қай қалада ашылды?
Құрманғазының шәкірті

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: білгірі, Қазақ, тілінің
Просмотров: 212 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar