Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова
24.09.2015, 09:47
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова»

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік – сұрапыл соғыс жылдары ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған қаракөз қазақ қыздарының батылдығына, батырлығына бас ие отырып, батырлардың ерлікке толы өмірі үлгісінде тәрбиелеу;
2) Тәрбиелік - оқушыларды Ұлы Отан соғысында от кешкен қаһарман жауынгерлердің теңдессіз де жанқиярлық ерліктерін әрқашан ардақтауға, өшпес рухтарына тағзым етіп, оларды мәңгілік есте сақтауға, патриотизмге тәрбиелеу;
3) Дамытушылық - қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл - қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі, қазақтың тұңғыш әйел - ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы - Хиуаз Доспанова туралы кеңінен таныстыру.
Сабақтың түрі: Ауызша бейне - журнал сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бейнефильм, фотосуреттер, суреттер.
Техникалық құрал - жабдықтар: Интербелсенді тақта, медиапроектор, компьютер

Сабақтың жоспары:
1 - бет: «Қазақ қыздары - отты жылдарда»
2 - бет: «Өр мінезді қайсар қыз - Хиуаз»
3 - бет: « Қаһарман қыз Хиуаз»
4 - бет: «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»

Сабақтың барысы:
1 - бет: «Қазақ қыздары отты жылдарда» (5, 6, 7 - слайд)
Мұғалім:
Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

Фашистік Германияның тарапынан басталған бұл соғыс 1941 жылы 22 маусымда басталды. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
Соғыс жылдарының шежіресіне назар аударсақ, қазақ қыздарының ерлігі қайран қалдырады. Оларды майданның әр тұсынан, әскери құрамалардың әр түрінен кездестіруге болатын. Қазақ қызынан ұшқыш та, танкист те, барлаушы да, партизан да шықты. Сонау етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен шатқалаң кезеңде азамат жүгін арқалап, мыңдаған қазақ қыз - келіншектері уақыт тезінен, тарих талқысынан сүрінбей өтті. Олар, аяғына солдаттың керзі етігін киіп Мәскеуден Берлинге дейін шеру тартты. Рейхстагта желбіреген Қызыл Туда да қазақ әйелінің өз үлесі, даңқты жолы бар. Жалпы Ұлы Отан соғысына қатысқан әрбір жауынгер қазақ қызын нағыз батыр деп бағалауға әбден болады. Қазақ әйелі соғыстың зардабын да, салмағын өзгелермен қатар көтере білді. Арайлы таңы алда болса да, сұрапыл соғыс өз ортасынан жұлып әкеткен қаншама ер - азаматтың орнын жоқтатпаған. Әлия, Мәншүк, Хиуаз сияқты батыр қыздарымыз ерлігімен танылды.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Доспанова, Хиуаз, қанатты, қызы, Қазақтың
Просмотров: 165 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar