Қазақтың хан сайлауы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақтың хан сайлауы
24.09.2015, 10:48
Сабақтың өтілетін сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың хан сайлауы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтінді оқыту, мазмұндауға қалыптастыру.
Білімділік: Хан сайлауының рәсімі туралы мағлұматтарды жан - жақты түсіндіру. Халықтың ұлттық дәстүрлері туралы оқушыларға жеткізу.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденіс іс - әрекетін қалыптастыру. Ойлау, елестеуге, сөздік қорларын кеңейтуге, еркін сөйлеп, өз ойларын ортаға салу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық салт - дәстүрге құрметпен қарауға, Отан сүйгіштікке, адалдыққа, шыншылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік
Сабақтың формасы: Жеке, ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланыс: математика, тарих
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, компьютер, интерактивті тақта, бейне көрініс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқу - құралдарын түгелдеу
Ә) Сәлемдесу
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Сабақтың психологиялық дайындық.
Мұғалім: «Жер бетінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қолды жеткізер»- дегендей тек ерінбей, жалқауланбай білім алуымыз керек.
Математикалық диктант
4: 2= 12: 2=
6: 2= 14: 2=
8: 2= 16: 2=
10: 2=

- Тәуелсіздікке 21жыл
- Тәуелсіздікті қашан қай жылы алдық?
- 1991жылы
- Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Шығармашылық тапсырма
Мына сөздерді өлең құрастыр.
_______________________тыңдаймыз,
_______________________ойлаймыз.
_______________________аламыз,
_______________________баламыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Мағжан Жұмабаев кім?
Оқулықтағы М. Жұмабаевтың «Өткен күн» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Әдеби кітаптардан жаттаған өлеңдерін жатқа айту.
ІV. Үй тапсырмасын бекіту
Сұрақ парақтарына жауап жаздыру.
V. Жаңа сабақ.
Интерактивті тақтадан бейне көрініс көрсету. Президентті ұлықтау кезеңінен үзінді.
- Балалар, біздің елімізде қазіргі таңда қандай басқару жүйесі енгізілген?
- Президенттік.
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Н. Ә. Назарбаев.
- Президент сайлауы неше жылда бір өткізіледі?
- 7 жылда бір рет.
- Сайлау қашан болды?
- 4 желтоқсан 2005жыл.
Үміткер президенттік сайлану үшін өздерінің жеке бағдарламаның иесіне даусын береді. Дауыс беруге 18жасқа толған әрбір Қазақстан азаматы құқылы.

Сонымен, балалар, бүгінгі таңда халықты президент басқарса, кеше

Хандық дәуірде халықты «Хан» басқарған.
- Қазақ халқының қандай хандарын білесіңдер?
- Хақназар, Абылай, Тәуке, Қасым, Есім, Әбілқайыр, т. б
- Сендердің ойларыңша «хан»қандай болуы керек деп ойлайсыңдар?

VІ. Жаңа сабақты хабарлау.
Мұхтар Мағауиннің «Қазақтың хан сайлауы» деген әңгімесімен танысамыз.
Мұхтар Мағауин - кім?
Мұқхтар Мағауин - жазушы, әдебиет зерттеушісі, бір туар тұлға Мұхтар Мағауин ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келді. 1957жылы осы ауданның Баршатас селосындағы қазақ орта мектебінде бітіріп, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Университетінің филология факультетін 1962 жылы, ал қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын 1965жылы бітірген.
Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді оқушыларға мұғалім мәнерлеп оқып береді.
Мәтінді оқушыларға әңгімелеп беру.
Мәтіннің мазмұнына сәйкес сұрақтар қойып, жауап алу.
Сөздік жұмыс. (слайдпен тақтада)
Кең майданда - бұл жерде: кең, жазық жерде.
Алқа - қотан - айнала.
Орда - Қазақ хандағы немесе Қазақ ордасы.
Ұлыс - бұл жерде: қазақ халқын, ұлтын айтып отыр.
Сұлтан - Шыңғысханнан тараған төре тұқымдарын айтқан.
Жәмиғат - ел, халық
Асылзада - бұл жерде: айтулы азамат.
Алаш - қазақ деген сөз
Кінәрат - кемшілік.
Тәбәрік - киімді қасиетті, киелі зат ретінде жыртып алған жыртыс (Ырым).
Пышақ үстінде - қолма - қол
Топпен жұмыс
І қатар:
Мәтінді оқиды.
ІІ қатар:
Мәтінді мазмұндайды.
Сергіту сәті (Слайдта)
Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз таланты ас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан!
Топпен жұмыс
І қатар:
Хандар туралы не білесіңдер?
Тәбәрік дегеніміз не?
Ырымды басқа қай жерде пайдаланады? (Зерттеу)
ІІ қатар: Ойлан тап! «Қайсысы дүкенде сатылмайды?» (слайдта)
Өзге елге сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы, жаңа сабаты бекіту.
VІІІ. Үйге тапсырма:
1. «Қазақтың хан сайлау» мәтінін оқып. мазмұндау.
2. Мәтінге байланысты сурет салу.
3. Ел басқарған хандар туралы зертеу
ІХ. Бағалау
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сайлауы, Қазақтың, хан
Просмотров: 177 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar