Ажалмен ойнама, айналайын - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ажалмен ойнама, айналайын
24.09.2015, 11:54
Тақырыбы: « Ажалмен ойнама, айналайын!»

Мақсаты: «Бірінші байлық денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды денсаулығын сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттердің зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Денсаулық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, мәнжазбалар,
оқушылардың шығармашылығы көрсетілген бұрыш.
Техникалық құрал: Интерактивті тақта, компьютер.

Тәрбие сағатының жоспары:
• Темекі және қоғам.
• Ішімдікке құмарлық.
• Би “ Ей, өмір.”
• Нашақорлық.
• ЖИТС-ғасыр дерті.
• Көрініс “ Өмір мен өлім.”
• XXI ғасыр азаматының моделі.
• Оқушылардың шығармашылығы.
• Дені саудың – жаны сау.
• Қорытынды.
Сабақ әдісі: Проблемалық әдіс, баяндау.

Сабақ барысы:
І. Кіріспе:
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызды бастаймыз. Қазіргі таңда қоғамда көптеген келеңсіз жағдайлар орын алуда. Әрине, олар тек біздің мемлекетіміздің ғана проблемасы емес бүкіл дүниежүзілік проблема. Олар темекі тарту, ішімдік ішу, есірткі қолдану, ЖИТС.

Осы басты проблемалар жайында тәрбие сабағымыздың тақырыбы « Ажалмен ойнама, айналайын!»
Тәрбие сабағымыздың мақсаты: «Бірінші байлық денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды денсаулығын сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттердің зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.

Адам өмірге шыр етіп келген сәттен бастап маңдайына өмір жолы жазылады дейді. Алланың аманатқа берген өмірін мәнді де, мағыналы, қызықты да, қуанышты, жақсылыққа толтыра өткізу әр адамның өз қолында солай емес пе?

2-жүргізуші:
Иә, сол өмірді өз сәнімен, өз сатысымен өткізсеңдер, мағыналы ғұмыр кешкендерің.

Өмірдің екі айыр жолының түзу жолын таңдап, дүние кетігіне қалануды бағдарлау керек.
Енді, мен сендердің өмір туралы, ел денсаулығы туралы не айтатындарыңды естігім келеді.
Өмір туралы ақиық ағамыз Мұқағали Мақатаевтың өлеңінен бір үзік сыр.
(Оқушылар өлең жолдарын оқиды.)

1-жүргізуші:
Темекі – ғасыр дертінің бірі. Темекі және қоғам. Бұл бөлім бойынша оқушыларымызды
баяндамасын тыңдайық. (2 оқушы интерактивті тақта бойынша түсіндіреді.)
2-жүргізуші:
Ішімдікке құмарлық.. Алкоголь туралы мәлімет.
1-жүргізуші:
Адамның ішкі дүниесін түсініп болмас. Біз сезімімізді іс-қимылмен де сездіре аламыз. Оқушыларымыздың «Ей, Өмір!» атты биін тамашалайық.
(Оқушылардың биі)
2- жүргізуші:
Нашақорлық кеселінің қаншалықты қауіпті екенін біле бермейміз. Жалпы мәліметті оқушыларымыз баяндап бермек.
2-жүргізуші:
ЖИТС адам өміріне қауіп төндіріп тұрған дерттің бірі. Ол туралы жалпы мағлұмат.

1-жүргізуші:
Нашақор туралы біліп, түсінгенімізбен оның қаншалықты қауіпті екенін көрмесек сезіне қоймаймыз. Қауіпті, зиян екенін дәлелдеу үшін оқушыларымыздың дайындаған көріністерін тамашалаңыздар. Көрініс “ Өмір мен өлім.”
(Оқушылар көріністерін көрсетеді.)
2-жүргізуші:
Балалар сіздер біздің болашағымызсыңдар! ҚР азаматысыңдар. ХХІ ғасыр азаматының, сіздердің, модельдеріңіз.
(Оқушылар шығып айтады.)
♦ Озық білімді;
♦ Денсаулығы мықты;
♦ Жоғары мәдениетті;
♦ Компьютерлік сауатты;
♦ Салауатты;
♦ Қайырымды;
♦ Кішіпейіл;
♦ Ізетті болуға тиіс.
1- жүргізуші:
Сол жақ бұрышымызда оқушыларымыздың шығармашылығы берілген. Онда суреттер, шығармалар ұсынылған. Бұл жайлы талдауымызды оқушымыз жасасын.
2- жүргізуші:
Спорт – денсаулық кепілі. Дені саудың –жаны сау дегендей. Қанекей, балалар қандай спорт түрімен айналысасыңдар? Өздеріңнің спорт жағынан өнерлеріңді көрсетіп жіберіңдерші.
Рахмет.
Қорытындылау

2- жүргізуші:
Енді қатысып отырған қонақтарымызға сөз кезегін берейік.
Тәрбие ісінің меңгерушісіне, валеология пәні мұғаліміне, т.б сөз береміз.
1- жүргізуші:
Балалар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы ауқымды болды. Көп нәрсені үйреніп, білдіңдер. Үйренгендерің, білгендерің кеңейе түсті. Айтарымыз осындай жаман әдеттен аулақ болыңдар!

2- жүргізуші:
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп, үлгілі азамат пен азаматшалар болыңдар!
Бекіту. ҚР-ның әнұранымен тәрбие сағатын жабу.

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Айналайын, Ажалмен, ойнама
Просмотров: 170 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar