Бүгінгі шәкірт – көгершін, болашақта көгерсін - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бүгінгі шәкірт – көгершін, болашақта көгерсін
24.09.2015, 15:12
Мақсаты: оқушылардың білімге құштарлықтарын арттыру, қазіргі заманда мемлекетіміз бен ата – аналарының сыйлап отырған бақытты балалық шақтарында мүмкіндіктерінің шексіз екендігін түсіндіре отырып, болашақ кілті білімді ұрпақта екендігіне көз жеткізу.
Көрнекілігі: плакаттар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе. «Күш - білімде» тақырыбында мұғалімнің оқушыларға, шәкірттеріне арнаған ой - түйіні.
ІІІ. Жүргізуші:
Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Күш білімде,
Білім кітапта.
Білім берген мұғалім,
Өмірдегі зор ғалым.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ, -
демекші, балалар, «теңіздей терең ғылым бар!», ендеше оқушылардың білім теңізіндегі меңгерген білімдерін таразылап көру үшін зияткерлік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ортаға сайысқа қатысушы оқушыларымызды шақырамыз.
-----------------------
Сайысымыздың бірінші кезеңі « Үміткерлер сайысы» деп аталады.
Бұл кезеңнің шарты бойынша сайыскерлердің барлығына бірдей 10 сұрақтан тұратын сұрақтар беріледі. Дұрыс жауабын берген 5 оқушы ғана екінші кезеңге өтеді.

Тапсырмалар:
1. ҚР - ның мемлекеттік тілі қандай? (Қазақ тілі)
2. ҚР - ның валютасы қашан енгізілді? (15. 11. 1993.)
3. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)
4. Басты байлық не?(Денсаулық)
5. ҚР мемлекеттік рәміздері?(Елтаңба, әнұран, байрақ)
6. 25 қазан қандай күн? (Республика күні)
7. Қазақтың ұлы ханы Абылайдың шын аты? Әбілмансұр)
8. ҚР - ның тұңғыш ғарышкері?(Т. Әубәкіров)
9. Екі ақынның өлең жарысы?( Айтыс)
10. Атақты үш биді ата?(Төле, Әйтеке, Қазыбек)
Сайыскерлердің жауап парақтары тексерілгенше 5 сынып оқушысы --------------------- орындауында «Мектебін» әні.

Жүргізуші:
- Сайысымыздың келесі кезеңі «Ойлап, тап» деп аталады. Мұнда алдарыңызға берілген парақтағы мақал - мәтелдердің бастапқы жолдарының жалғасын табу керек. Сайыстың шарты бойынша тапсырманы дұрыс орындаған екі сайыскер ғана келесі кезеңге көшеді.
Тапсырмалар:
1. Отан елдің анасы..... (Ел - ердің анасы)
2. Отан үшін отқа түс -...(күймейсің)
3. Отанға опасыздық еткенің..... (Өз түбіңе өзің жеткенің)
4. Отанын сүйген отқа жанбайды,..... (суға батпайды)
5. Өз елім -... (алтын бесігім)
6. Отан көркі – жерімен,... (Ердің көркі - елімен)
7. Отанды сүю -... (отбасынан басталады)
Сайыскерлердің жауап парақтары тексерілгенше 5 «Б» сынып оқушысы Елеусізов Едігенің орындауында «Отаным» әні.

Жүргізуші:
- Жарайсыңдар, балалар! Сайысымыздың соңғы кезеңі « Еліміздің жүрегі – Астана» деп аталады. Мұнда Астана туралы дайындалған бейнетаспаны тамашалайық. (Бейнетаспа көрсетіледі)
Енді соңғы кезеңге жолдама алған екі оқушымызға Астана туралы сұрақтарды қоямыз. Сайыстың шарты бойынша сұраққа көп жауап берген оқушы – бүгінгі күн жеңімпазы болады. Сонымен:
1. ҚР мемлекетінің астанасы – Астана қаласы қашан болды?(2000ж)
2. Астана қаласының күні қашан? (6 шілде)
3. Астана туралы өлең жолдарын оқып бере аласыз ба?
ІҮ. Оқушыларды марапаттау.
Ү. Танымдық сабақты қорытындылау. (Мұғалім)
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: көгерсін, болашақта, көгершін, Бүгінгі, шәкірт
Просмотров: 204 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar