Бүгінгі студент – ертеңгі маман - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бүгінгі студент – ертеңгі маман
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 09:47
Бүгінгі студент – ертеңгі маман

Мақсаты: Мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт – бағдар беру. Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың таңдаған мамандыққа деген құштарлығын ояту.
Түрі: Осы мектептің бұрынғы түлектері, қазіргі студенттермен кездесу кеші.
Жоспар: 1. Концерттік бағдарлама
2. Студенттер мен оқушылар арасындағы ойын
3. Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары мен жағдаяттары.

1 - жүргізуші: Кеш жарық, құрметті ұстаздар, студент жастар біздің мектебіміздің түлектері!
Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген студенттер мен осы жылғы мектеп түлектер арасындағы кешті ашық деп жариялаймын.

2 - жүргізуші: Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны қақ. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтеді.

1 - жүргізуші: Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,- деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Жанар Шамұратқызына, Оқу ісінің меңгерушісі Гүлзада Набиоллақызына береміз.

2 - жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан - саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады. 11 - сынып оқушысы, мектебіміздің әншісі Нұрғазиева Тұрсынайдың «Мектебім» әнін қабыл алыңыз.

1 - жүргізуші: Қабыл етіп қонақтардың тілегін
Тілегіңді тұмар етіп жүремін
Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім,

2 - жүргізуші: Соңғы жылдары Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебін бітірушілер өздері айтар 90жылдардан - 22, 91 - лерден - 25, 92 - лерден - 24, 93 - 28, 94 - терден - 38, 95 - терден - 21 жас қазіргі таңда студенттер қатарында екен.
1 - жүргізуші: Олардың ішінде жоғарғы, қалғандары арнаулы және кәсіптік оқу орындарында оқиды екен.
2 – жүргізуші: Бұл студенттер Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал,, Алматы, Астана қалаларында білім алуда!
1 - жүргізуші: Бұлар — болашақ сан түрлі мамандықтар иелері!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: маман, студент, ертеңгі, Бүгінгі
Просмотров: 267 | Загрузок: 76 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar