" Бұрымды="" қыз"="" қыздар="" байқауын"=" - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

" Бұрымды="" қыз"="" қыздар="" байқауын"="
24.09.2015, 11:50
«Бұрымды қыз» атты 8 - 10 сыныптарының арасындағы қыздар байқауының жүру барысы.

Мақсаты: «Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі! Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.- дегендей, халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет - жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Шолпының сыңғыры құлағымызға келеді...
Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы арулар. Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін
8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып,
халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Бұрымды қыз» атты байқауымызды тамашалауға шақырамыз.
Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.

Құрметті қауым, бүгінгі өткелі отырған «Бұрымды қыз» атты 8 - 10 сыныптарының арасындағы қыздар байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.
Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.

Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
№ 1 аруымыз
№ 2 аруымыз
№ 3 аруымыз
№4 аруымыз
№5 аруымыз
№6 аруымыз

Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының мүшелері:

Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
І - бөлім: «Сәлемдесу»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ - бөлім: «Мен қазақтың қызымын дара туған»- деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз қазақ қызының бейнесін сомдайды.
ІІI - бөлім: «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, домбыра тарту т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)
ІV бөлім: «Сән үлгісі»- деп аталады. Бұл бөлімде арулар қазақ халқының сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі.
V бөлім:. Білімді мыңды жығар (сұрақ - жауап)
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі
«Сәлемдесуі» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

ІІ бөлім «Мен қазақ қызымын дара туған»
Бұл бөлімде аруларымыздың дайындаған қазақ қызының бейнесін тамашалайық. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз. Әр қатысушы роман, поэмадан үзінді көрсетеді.

ІІI бөлім: «Өз өнері»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының - деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.

IV бөлім «Сән үлгісі» Бұл бөлімде байқауға қатысушы қазақ халқынына сай сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: байқауын=, Бұрымды=, қыз=, қыздар=
Просмотров: 209 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar