Б. Үсенбаев «Менің туым» Т. Молдағалиев «Республика рәміздері» - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Б. Үсенбаев «Менің туым» Т. Молдағалиев «Республика рәміздері»
24.09.2015, 10:48
Хромтау ауданы,
Сарысай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Умарова Гүлнар Темиргалиевна

Сабақтың тақырыбы: 3 - сынып. Б. Үсенбаев «Менің туым»
4 - сынып. Т. Молдағалиев «Республика рәміздері»

3 - сынып:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан туы туралы айтылған өлеңді мәнерлеп оқыту, мазмұнын түсіндіру;
Дамытушылық: оқушының мәнерлеп оқу тілін, ауызша сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: Рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу;
4 - сынып:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Автордың шығармашылығымен, өмір жолымен таныстыру, рәміздерді сипаттаған өлеңдерді мәнерлетіп оқыту, мағынасын ашу;
Дамытушылық: оқушының мәнерлеп оқу тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: Рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі, типі: жаңа, дәріс сабақ
Әдіс - тәсілдер: сөздік, көрнекілік, әңгімелеу, баяндау, талдау
Көрнекіліктер: оқулық, слайд, тесттер, үлестірмелі кеспелер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру сәті.
2. Қызығушылығын ояту
3 - сынып: 4 - сынып:
«Сен білесің бе?»Сұрақтарға жауап береді Үлестірмелі сөзжұмбақ шешеді

3. Мағынаны ашу:
- Рәміздерге сипаттама беру - Рәміздерге сипаттама
- Рәміздер туралы өлеңдер - Рәміздер туралы мәлімдеме
- Өлеңді тізбектей оқыту - Оқулықтан өлеңді өз бетімен оқу
- Сөздік жұмысы - Сөздік жұмысы
- Шығармашылық - ізденіс жұмысы - Шығармашылық - ізденіс жұмысы

4. Ой қорыту:
Мәнерлеп оқу сәті
Сабақты аяқтау
5. Үйге тапсырма:
6. Бағалау

Сабақ ұраны:
Отан – жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді

2. Қызығушылығын ояту
3 - сынып
«Сен білесің бе?»
- Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
- Желтоқсан көтерілісіне қатысқан кімдерді білесіңдер?
- М. Шаханов қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
- 1986 жылы қандай оқиға болды?
- Желтоқсан көтерілісіне арнап М. Шаханов қандай кітап жазды?
- Желтоқсан көтерілісі бізге не әкелді?
- Рәміздер күні қай күн? Қай жылы қабылданды?

4 - сынып «Қазақстан» сөзжұмбағы
1. «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» деп айтқан желтоқсан көтерілісіне қатысушы
2. Қазақстанның бұрынғы астанасы
3. Ту, Елтаңба, Гимн деген не?
4. Қазақстанның қазіргі астанасы.
5. Біздің ұлтымыз.
6. Тіл қаруы не?
7. Ұлттық валютамыз.
8. Қазаққа басшылық жасаған хандардың бірі.
9. Елбасының фамилиясы

3. Мағынаны ашу.
Мұғалім сөзі: «2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н. Ә. Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
Ендеше, «Біздің ту», «Республика рәміздері» атты сабағымызды бастаймыз»

Елтаңба дегеніміз не?

Негізі «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» – мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі «таңба» деген сөз анық жеткізеді. Бұл әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі. Елтаңба иесінің тарихымен тығыз байланысты болады. Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1: 2.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтыңбелгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяков
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

2) Енді осы рәміздерге сипаттама беріп кетейік. Оқушылар үйден дайындаған мәліметтерін оқиды.
1 - оқушы (4 - сынып оқушысы):
«Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан - жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.»
2 - оқушы (3 - сынып) Елтаңба туралы өлең оқиды.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
3 - оқушы(4 - сынып):
«Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою - өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.»
4 - оқушы (3 - сынып)
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың болуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

Жанатын да өзі отша
Жалын шарпып бетіңді
Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған секілді.

5 - оқушы (4 - сынып):
«Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнді түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған. 2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР - ның Мемлекеттік Гимннің музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Гимннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Гимні ретінде«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.»

6 - оқушы (3 - сынып)
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.

3) Оқулықпен жұмыс
3 - сыныпқа өлеңді тізбектей оқыту
4 - сынып өз беттерімен оқып отырады.

4) Ой қорыту:
«Аяқталмаған сөйлем»
Біздің туымыз ерекше, себебі.........
Мен рәміздерімді мақтан етемін, өйткені.........

Сабақты қорытындылау:

- Қандай мейрам жақындап қалды?
Сол мейрамға арнап ән шашуымызды айтып жіберейік.
Н. Ә. Назарбаевтың сөзіне жазылған Б. Тілеухановтың әні «Елім менің» хор

Барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Сабақ аяқталды. Көп - көп рахмет!

5) Үйге тапсырма: 3 - сынып Мәнерлеп оқып, өлең мазмұнына сай сурет салу;
4 - сынып: өлең шумақтарынан үзінді жаттау, сұрақтарға жауап беру;
6) Бағалау
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Б., Т., туым», Молдағалиев, рәміздері», Үсенбаев, «Республика, «Менің
Просмотров: 201 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar