Бақыт – бағасын білгеннің ғана басында тұрады! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бақыт – бағасын білгеннің ғана басында тұрады!
24.09.2015, 13:36
«Бақыт – бағасын білгеннің ғана басында тұрады!»
Машықтандыру (семинар) сабағы
«Бастауыш білім беру» бөлімі ІІІ - ІV курстар

Мақсаты:
Білімділік: Елдің тарихи даму кезеңдері мен Елбасы саясаты туралы білімдерін тиянақтау;
Тәрбиелік: Болашақ мамандарды отансүйгіш рухта тәрбиелеу;
Дамытушылық: Болашақ мамандардың сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, дауыс ырғағымен өзгені тыңдата білу дағдысын жетілдіру.
Сабақтың түрі: Машықтандыру (семинар) сабағы
Сабақта қолданылатын негізгі әдістер:
1. Деңгейлік тапсырмалар (ізденіс бағытында)
2. Сын тұрғысынан ойлау (эссе жазу және бес жолды өлең)
Көрнекілігі: презентация, видеоролик, кітаптар...

Жүрісі:
І. Кіріспе
Мұғалімнің кіріспе сөзі
ІІ. Негізгі бөлім:
Студенттердің Жинақтаған ақпараттарын тыңдау
ІІІ. Қорытынды:
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

І
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен жандардың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Олай болса, бүгінгі машықтандыру сабағын әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! 1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Бақыт – бағасын білгеннің ғана басында тұрады!» атты машықтандыру сабағын ашық деп жариялаймыз!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Сөз кезегі: ----------------------------

ІІ
1. «Қилы кезең» /Тәуелсіздік жолында/
2. «Тәуелсіздік - тұғырым» /Тәуелсіз ел/
3. «Өмірдерек» /Елбасының өмір дерегі/
4. «Мемлекеттік рәміздер» /рәміздер тарихы, бүгінде/
5. «Теңдікті айтып тұр аты теңге деген» /Ұлттық валюта туралы/
6. «Ұлы достықта» /Ынтымақ/
7. «Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!» /Ата заң/
8. «Мемлекеттік тіл – менің тілім»
9. «Астана – бас қала»
10. «Кемеңгер Елбасы»
11. «Нұрлы жол – болашаққа бағыт»
12. Эссе: «Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан»

ІІІ «Елбасына» Оқитын: --------------------
Қорытынды сөз кезегі: ----------------------------
Видеоролик: «Өз елім»
«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға! Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н. Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Осымен, бүгінгі «Бақыт – бағасын білгеннің ғана басында тұрады!» атты машықтық (семинар) сабағымызды аяқтаймыз.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ғана, тұрады!, Бақыт, бағасын, білгеннің, басында
Просмотров: 158 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar