Бала көңілін табыңыз - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бала көңілін табыңыз
24.09.2015, 14:01
Тренинг тақырыбы: Бала көңілін табыңыз
Қатысатындар: Ата - аналар
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәрбиелеуге бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық тестілеу
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар, маркер, әдістемелік бланк, үлестірме қағаздар, тесттер;

Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялау. Топ жетекшісімен таныстыру.
ІІ. Тренингке қатысушыларды таныстыру
1. Психологиялық ойын.
«Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын» атты жаттығу».
Барлығы бір - бірінің қолын ұстап шеңбер құрады. Әркім өзін таныстырып, өзі жайлы бір - екі ауыз сөз айтып, онан соң оң жақтағы көршісі де солай жалғастырады. Қатысушылар түгел танысып болған соң, топтағы көңілі қалаған екі - үшеуіне ата - аналардың атын ретімен атап шығу өтінеміз.
2. Топтастыру.
Ата - аналарды алма, өрік, алмұрт деп үш топқа бөлу. Әркім өзі қалаған жеміске барып отырады. Ата - аналарды жиналыс ережесімен таныстыру.
3. Ата - аналарға сауалнама тест тарату.
Сіз қандай ата - анасыз?
«Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата - ана бола аламыз ба?» деген сауал төңірегінде ойланып көрдік пе?
Сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беру арқылы өздеріңізді тексеруге болады.

1. Балалар туралы газет - журнал беттерінде жарияланған материалдарды немесе радио, телехабарларды жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ба?
2. Балаңыз бір оғаш әрекет істеп қойса, онда сіздің тәрбиеңіздің нәтижесі бар - ау деп ойлайсыз ба?
3. Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлде тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?
4. Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде ғана қолданасыз ба?
5. Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?
6. Спорттың баланың жан - жақты дамуында маңызы зор екендігін ескересіз бе?
7. Сіз балаңыздың бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?
8. Балаңыздың әр түрлі сылтаулармен «құтылуға тырысуы» сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?(Жауап парағы алынады)
Психологтың қорытындысы: Әрбір мақұлдау жауапқа - 2 ұпай, ал «кейде» деген жауапқа - 1 ұпай, ал «қарсы» жауабыңызға - 0 ұпайдан қойыңыз.
6 ұпайдан төмен - бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екенін көрсетеді.
7 - 10 ұпай - сіз бала тәрбиесінде қателік жіберіп аласыз, олқы тұстарыңыз баршылық.
15 ұпайдан жоғары - ата - аналық парызыңызды жақсы атқарып жүрсіз.
4. «Ең, ең» пікірталасы

Психолог қатысушылармен мынадай сұрақтар төңірегінде пікірталас жүргізеді:
1. Өмірде сіздер үшін не маңызды?
2. Балаңыз сабақтан келгенде қалай қарсы аласыз және қандай сұрақтар қоясыз?
3. Балаға өз жеке басыңыз арқылы қалай үлгі - өнеге көрсетесіз?
4. Отбасының негізгі міндеті не деп ойлайсыз?
5. Балаңыз кездейсоқ сәтсіздіктерге ұшыраса, оған қалай қарайсыз?
6. Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл берекенің бала үшін тәрбиеде маңыздылығы қаншалықты?
5. «Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы
«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.
6. Ата - аналарға кеңес.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса, жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
7. Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек - кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)
8. Қорытынды. Психолог бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысын білдіреді.
Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бала, көңілін, табыңыз
Просмотров: 201 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar